Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 447

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»

ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.

Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»

ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»

Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»

Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»

Тақырыбы: «Нефриттік және

Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.

Тақырыбы «Нерв жүйесінің сезімталдық және қимыл- қозғалыстық қызметінің бұзылысы. Нейропатиялардың патогенезі»

Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»

ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»

ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Оқу басылымы

Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік

солға қарай ығысу нейтрофилдердің жас және жетілмеген түрлерінің (таяқшаядролы нейтрофилдердің көбеюі немесе метамиелоциттердің, миелоциттердің, промиелоциттердің, миелобласттардың пайда болуы).

Гипорегенерациялық ядролық солға қарай ығысу (грек. hypo төмен, аз

+ regeneratio – қайтадан туылу) – перифериялық қанда V класқа жататын жасушалардың таяқша ядролы нейтрофилдер мөлшерінің 7%-дан жоғарылауы.

Регенерациялық_ядролық_солға_қарай_ығысу'>Регенерациялық ядролық солға қарай ығысу (лат. regeneratio – қайтадан туылу) перифериялық қанда V класқа жататын жасушалардың метамиелоциттердің пайда болуы, әдетте V класқа жататын жасушалар таяқша ядролы нейтрофилдер санының көбеюімен қатар жүреді.

Гиперрегенерациялық ядролық солға қарай ығысу (грек. hyper - жоғары

+ regeneratio – қайтадан туылу) - перифериялық қанда V класқа жататын жасушалардың (миелоциттер, промиелоциттер) пайда болуы және IV класқа жататын жасушалар да (миелобластар) пайда болуы мүмкін. Әдетте ығысудың бұл түрінде метамиелоциттер де кездеседі және таяқша ядролы нейтрофилдер саны көбейеді.

Регенерациялық - дегенерациялық ядроның солға қарай ығысуы - таяқша ядролы нейтрофилдер мөлшерінің жоғарылауы, метамиелоциттер мен миелоциттердің қанда пайда болуы, ядросы бөлшектенген нейтрофилдер санының азаюы, сонымен қатар цитолемманың, цитоплазманың және ядроның дегенеративті өзгерістерінің пайда болуы (цитоплазманың уытты түйіршіктенуі, цитоплазма және ядроның вакуолизациясы...) тән.

Ядролық ығысу индексі - нейтрофилдердің жас және жетілген түрлерінің
пайыздық қатынасы:

Т/я нейтрофилдер + Метамиелоциттер + Миелоцит + Промиелоциттер : Ядросы бөлшектенген нейтрофилдер

Қалыпты жағдайда ЯЫИ 0,05-0,1-ге тең. Бұл көрсеткіштің көбеюі ядролық солға ығысуын, ал азаюы оңға ығысуын көрсетеді.

Ядролық оңға қарай ығысу – гиперсегменттелген нейтрофилдер санының артуымен, таяқша ядролы нейтрофилдердің болмауымен, олардың дегенерациялық белгілерінің пайда болуымен жиі қабаттасады. Әдетте дегенерациялық ядролық оңға қарай ығысу лейкопенияларда байқалады.

Лейкемоидты реакциялар (грек. leukos - ақ + eidos - бейнесі, түрі) - қан өндіретін ағзалар мен перифериялық қанда пайда болатын, түрлі аурулардың салдарынан дамитын және лейкоздарға ұқсайтын, бірақ патогенезімен ерекшеленетін өзгерістер. ЛР-дың ерекшелігі: олардың сипаты реактивті және онкологиялық патологияларға трансформацияланбайды.

Лейкопения (грек. leukos ақ + penia - жеткіліксіздік) - қанның бірлік көлемінде лейкоциттер санының 4,0 х 109/л-ден аз болуы. Шығу тегіне қарай ілкі (біріншілікті, туа біткен немесе тұқымқуалайтын) және салдарлық (екіншілікті, жүре пайда болған) лейкопениялар болып бөлінеді..

Нейтропения (лат. neuter - ол емес, басқа да емес + грек. penia - жеткіліксіздік) – нейтрофилдердің пайыздық құрамының 47%-дан аз болуы. Абсолют нейтропения кезінде нейтрофилдердің саны 2,0∙109/л-ден аз болады. Эозинопения (грек. eos - таңғы шапақ + penia - жетіспеушілік) - эозинофилдердің пайыздық құрамының 0,5%-дан аз болуы немесе олардың абсолютті мөлшерінің 0,02∙109/л-ден азаюы.

Анэозинофилия (грек. an – жоқ дегенді білдіреді + eos - таңғы шапақ + philia үйірлік) перифериялық

қанда эозинофилдердің жоқ болуы, олардың пайыздық құрамы 0% тең.

Агранулоцитоз (грек. а теріс мән + лат. granulum дән, түйіршік + грек. kytus – жасуша + -оsis – процесс дегенді білдіретін суффикс) лейкопенияның ең ауыр түрі (лейкоциттердің жалпы саны 1,0·109/л-ден аз), гранулоциттердің бірден төмендеуімен (олардың саны 0,75·109/л-ден аз), салыстырмалы лимфоцитоз және салыстырмалы моноцитозбен сипатталады. Миелоуыттық агранулоцитоз (грек. myelos сүйек кемігі + toxikon у) агранулоцитоздың бір түрі, гранулоциттік өсіндіден пайда болатын жасушалардың пролиферациялық белсенділігіне цитостатикалық факторлардың тежеуші әсерінен дамиды. Лейкопениямен қатар әдетте тромбоцитопения және анемия анықталады.

Иммундық агранулоцитоз (лат. immunis еркін, барлық нәрседен бос) - агранулоцитоздың бір түрі, антигранулоциттік антиденелердің әсерінен, сүйек кемігінде және қанда гранулоциттердің, кейде ізашар жасушалардың өлеттенуі байқалады.

Гаптендік агранулоцитоз (грек. hapto - қармау) иммундық агранулоцитоздың бір түрі, бұл кезде лейкоциттің өзгерген антигеніне қарсы антидене өндіріледі. Гаптен ретінде (толық емес антигендер) дәрілік препараттар және вирустар болады.

Аутоиммундық агранулоцитоз (грек. autos - өзім, меншікті + лат. immunis - еркін, барлық нәрседен бос) иммундық агранулоцитоз түрі, бұнда лейкоциттің өзгермеген антигеніне қарсы аутоантиденелер өндіріледі. Иммундық жүйенің патологиясында дамиды, мысалы, Т-супрессорлардың белсенділігі төмендегенде, олар қалыпты жағдайда меншікті лейкоциттерге қарсы
антиденелердің түзілуін тежейді.

Лимфоцитопения (лат. lympha - ылғал + kytus - жасуша + penia - жетіспеушілік) - лимфоциттердің пайыздық мөлшерінің 19%-дан немесе олардың абсолютті құрамының 1,0∙109/л-ден аз болуы.

Моноцитопения (грек. monos - бір + kytus - жасуша + penia - жетіспеушілік)

- моноциттердің пайыздық мөлшерінің 3%-дан немесе олардың абсолютті құрамының 0,1∙109 -ден аз болуы.

Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»


Гемобластоздар (грек. haima - қан + blastos - өсінді, ұрық) –қан жүйесінің өспелік ауруларының жалпы атауы, оларға гематосаркомалар мен лейкоздар жатады.

Гематосаркомалар (грек. haima - қан + sarx, sarkos - ет + --оma – өспелер атауында қолданылатын суффикс) - сүйек кемігінен тыс орналасқан қан өндіретін жасушалардан пайда болатын қанның өспелік ауруларының тобы. Лимфомалар кезіндегі сүйек кемігінің зардапталуы екінші реттегі сипатта болады және метастазданудың салдарынан дамиды.

Лейкоздар (грек. leuк - ақ, лейкоцитке қатысты + -osis - патологиялық процесс, ауру дегенді білдіретін суффикс) – сүйек кемігінің гемопоэздік тінін диффузиялы түрде зақымдаушы ісіктер; сүйек кемігінің ілкі ісіктік ауруларына жатады.

Жіті лейкоздар қан өндіретін тіннің клондық ісіктік ауруларының гетерогенді тобы, бақыланбайтын пролиферациямен, нақтыланудың бұзылуымен, сүйек кемігінде және шеткі қанда I–IV класқа жататын жетілмеген гемопоэздік жасушалардың жиналуымен сипатталады. Жіті лейкоз диагнозын қою үшін 20% көп бласттық жасушалардың анықталуы тиіс (ДДСҰ жіктемесі бойынша).

Лейкемиялық алшақтық (лат. hiatus - лейкемиялық шұңқыр, үңгір) зардапталған бір өскін ішінде бласттық жасушалар мен жетілген жасушалар арасындағы аралық жасушалардың жоқ болуы немесе күрт азаюы. Лейкемиялық алшақтық жіті лейкоздарға тән.

Жіті нақтыланбаған (сараланбаған) лейкоз қатерлі түрге трансформацияланған бласттық жасушаларда бірыңғай-спецификалық антигендердің болмауымен сипатталатын жіті лейкоздардың бір түрі.