Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 432
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Ауыз қуысындағы асқорыту бұзылысы. Дисфагия»
Асқорыту жеткiлiксiздiгi - организмге түскен тағамның қажетті дәрежеде сіңірілуін қамтамасыз ете алмайтын асқазан-ішек жолдарының жағдайы. Нәтижесінде организмде теріс азоттық баланс, гипопротеинемия, гиповитаминоздар, организмнің азып кетуі, реактивтіліктің бұзылуы байқалады.
Диспепсия (грек. dys – бұзылу + pepsis-қорыту) - асқорыту бұзылыстарының жалпы атауы. Түрлері: 1) асқорыту жүйесінің бір бөлімінің функциясының бұзылыстарынан дамыған диспепсиялар - өңештік, асқазандық, панкреатиттік, ішектік, бауырлық; 2) алиментарлық бұзылыстар басым болуынан дамыған диспепсиялар – божулық (бродильная), шіріктік, майлық; 3) асқорыту жолдарының органикалық немесе функциялық бұзылыстарынан дамыған диспепсиялар.
Гиперсаливация (грек. hyper – жоғары, үстем + лат. salivation - сiлекейдiң бөлiнуi) – сопақша мидың сілекей бөлу орталығының немесе сілекей бездерінің секреторлық нервтерінің тікелей немесе рефлекторлық стимулялануының салдарынан сілекейдің артық шығуы. Себептері: ОЖЖ зақымдануы, ауыз қуысындағы патологиялық процестер, гельминтоздар, жүктілік токсикозы, кейбір дәрілердің әсері (пилокарпин, физостигмин).
Гипосаливация (грек. hypo - аз, төмен + лат. salivation - сiлекейдiң бөлiнуi) - сілекейдің аз шығуы. Себептері: сілекей бездерінің тіндеріндегі патологиялық процестер (қабыну, өспелер), сілекей бездері секрециясының орталықты тежелуі (стресс, ауырсыну синдромы), антихолинергиялық медикаменттердің әсері (атропин, скополамин), сусыздану, қантты диабет, нерв жүйесінің
зақымданулары (ми түбегейінің (асты, негізі), зақымдануы, кешеуілді нейросифилис).
Сиалоаденит (грек. sialon - сілекей + adеn - без + -itis – қабыну дегенді білдіретін суффикс) – сілекей түтіктерінде тас түзілуіне ықпал ететін (сиалолитиаз), сілекей бездерінің қабынулық аурулары. Инфекцияның тарауы әдетте сілекей безі түтігінің сағасы арқылы, сирек – жанасулық, гематогендік немесе лимфогендік жол арқылы іске асады. Түтіктің кеңеюімен, сілекейдің іркілуімен, түтіктің ішінде іріңді немесе сірнелі-іріңді экссудаттың жиналуымен (жіті түрінде) немесе без тінін фиброзды тіннің басуымен (созылмалы түрінде) сипатталады.
Ксеростомия (грек. xeros - құрғақ + stoma – ауыз) – сілекей бөлінуінің жеткіліксіздігінен дамитын ауыз қуысының сілемейлі қабатының құрғауы. Қысқа уақытты ксеростомия эмоциялық стресс кезінде, атропинді, антигистаминдік дәрілерді, уш оралымды антидепрессанттарды қабылдағанда
пайда болады. Тұрақты ксеростомия сілекей бездерінің атрофиялануына алып келетін ауыз қуысының сәулеленуі кездерінде дамиды.
Кариес, тісжегі (лат. caries - шіру) – тістің қатты тіндерінің ыдырауынан және минералдануының бұзылуынан оларда қуыс пайда болуымен сипатталатын процесс. Басты себебіне тіс өңезінен таңдақтар мен минералды тұздардың пайда болуы жатады. Тістегі таңдақтарда жиналған бактериялар тіс кіреукесіндегі (эмаль) минералдардың жойылуына ықпал ететін сүт қышқылын өндіреді. Тіс таңдақтарындағы микроорганизмдердің белсенділігі және минералданудың бұзылу процесі организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Пародонтоз (грек. para - айналасы +
odontos – тіс) – тіс түбірін қоршап тұратын тіндердің, яғни пародонттың қабынулық емес, ілкі-дистрофиялық зақымдануы (сүйек, қызылиек, сілемейлі қабық және тіс байламдары). Тіс мойнағы мен түбірінің біркелкі ашылуы тән.
Пародонтит (грек. para - айналасы + odontos – тіс + -itis – қабыну дегенді білдіретін суффикс) –пародонттың және жақсүйектің альвеолярлы өсіндісінің үдемелі деструкциясымен сипатталатын пародонт тіндерінің қабынуы. Тістің қызылиекке бекуінің бұзылуы, көлемі 3,5 мм дейінгі пародонттық қалталардың пайда болуы, кейбір тістердің мойнағының ашылуы (жалаңаштануы) тән.
Гипорексия (грек. hypo – аз, төмен + orexis - тәбет) – тәбеттің төмендеуі. Себептері: асқазанның басым бөлігінің резекциясы, АҚЖ қабынулық процестері, түрлі инфекциялар және интоксикациялар, қатерлі өспелер, жоғары нерв жүйесі қызметінің бұзылыстары, вентролатералдық гипоталамустың ядроларының ыдырауы және вентромедиалдық гипоталамустың ядроларының тітіркенуі, тойымдылық сезімінің жылдам болуымен және күшеюімен қабаттасады. Тәбеттің толық жойылуы анорексия деп аталады.
Гиперорексия (грек. hyper - жоғары, үстем + orexis - тәбет) - тәбеттің күшеюі. Себептері: жоғары нерв жүйесі қызметінің функциялық және органикалық бұзылыстары, латералдық гипоталамустың ядроларының тітіркенуі, және вентромедиалдық гипоталамустың ядроларының ыдырауы, тойымдылық сезімінің төмендеуімен сипатталады. Гиперорексияның ең жоғары деңгейi полифагиямен қабаттасады және тойымдылық сезімінің тежелуі булимия деп аталады (грек. bus - бұқа + limos - аштық).
Полифагия (грек. polys - көп + phagein – жеу, тамақтану) – шектен тыс тамақтану.
Полифагия келесі жағдайлардың салдарынан дамуы мүмкін: мидың органикалық зақымданулары (өспелер, энцефалиттер, жарақаттар), психогендік бұзылыстар (истерия, шизофрения, стресс), эндокриндік бұзылыстар (қантты диабет, диффузды токсикалық зоб).
Парорексия (грек. para - ауытқу + orexis - тәбет) - тәбеттің бұрмалануы (қолдануға болмайтын тағамдарды және шіріген азық-түліктерді жеуге құмар болу. Себептері: жоғары нерв жүйесі қызметінің функциялық және органикалық бұзылыстары, дәмді сезу анализаторының рецепторлық және орталықты тізбектерінің бұзылыстары.
Дисфагия (грек. dys – бұзылыс + phagein - жұтыну) - жұтынудың бұзылысы, тамақтың қойыртпасының жұтқыншақ немесе өңеш бойымен жылжуының бұзылысы «тұрып қалуы». Өңеш ахалазиясының және өңештің басқа ауруларының, жұтынудың неврогендік бұзылыстарының ерте және тұрақты симптомы болып есептеледі. Кейде жұтыну бұзылыстары афагия көріністерімен байқалады (мүлдем жұтына алмау).
Кардия ахалазиясы (лат. a – жоқ, болмауы + chalasia – босаңсу) – өңештің төменгі сфинктерінің рефлекторлы босаңсуының жеткіліксіздігімен немесе жойылуымен сипатталатын созылмалы нерв-бұлшықеттік ауру. Өңештің асқазанмен байланысатын жерінің (кардия) тарылуынан тағамның өтуі қиындап, сол жердегі өңеш бөлігінің кеңеюі байқалады. Салдарынан өңештің перистальтикасы бұзылады (өңештің дистальді және ортаңғы бөлігінің тегіс бұлшық еттерінің ретсіз, төмен-амплитудалық жиырылуы байқалады).
Өңеш атрезиясы (грек. а – жоққа шығару + tresis – тесік) – өңештің жоғарғы және төменгі сегменттерінің бітеу болуымен сипатталатын туа біткен ақаулық. Бұл кезде, бір немесе екі сегменттің де тесік арқылы кеңірдекпен байланысы болуы мүмкін (кеңірдек-өңеш жыланкөзі). Нәресте сілекейін де