Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 436
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
Тыныс жеткіліксіздігінің гиперкапниялық (гиповентиляциялық, II типі) түрі (грек. hyper – жоғары, көп + kapnos - түтін) – вентиляцияның механикалық аппаратының басым бұзылуынан дамитын ТЖ түрі. Өкпенің гиповентиляциясы нәтижесінде артериялық гипоксемия және гиперкапния дамуымен сипатталады.
Ентігу (диспноэ) (грек. dys - бұзылыс + pnoe - тыныс) - ауа жетiспейтiн субъективтi сезiмiнiң пайда болуымен және соның салдарынан тынысты күшейтудi талап ететін тыныс жиілігі мен тереңдігінің бұзылуы.
Инспираторлық ентігу (лат. in - ішке + spiro – тыныс алу) – демді ішке тартудың қиындауы және күшеюімен байқалатын диспноэ түрі. Дифтерия, тыныс саңылауының спазмы, көмей ісінуі, пневмоторакс, жүрек жеткіліксіздігі, асфиксияның 1 сатысы, ОНЖ қозуы кездерінде пайда болады. Экспираторлық ентігу (лат. ex – бір нәрсені шығару + spiro - тыныс) дем шығарудың қиындауы және күшеюі байқалатын диспноэ түрі. ӨСОА, бронх демікпесі, өкпе эмфиземасы кездерінде пайда болады.
Ортопноэ (грек. orthos - тікелей + pnoe - тыныс) - ентігудің ең жоғары дәрежесі, бұл кезде науқас ауаның қажетті көлемін тек отырғанда немесе жартылай отырғанда ғана алады. Жүректің солжақ жүрекшелік және солжақ қарыншалық жеткіліксіздігіне тән. Кейде ортопноэ бронх демікпесінің және тыныс жолдарының созылмалы обструкциясының көрінісі болуы мүмкін.
Брадиппоэ (грек. bradys -баяу + pnoe - тыныс) – сирек тыныс алу, тыныс қимылдарының минутына 12-ден аз болуы. Тыныс орталығының белсенділігі төмендегенде, патогендік факторлар тыныс орталығына тікелей әсер еткенде
(гипоксиялар, есірткілер) байқалады. Егер брадипноэ кезінде тыныс экскурсиясының тереңдігі төмендесе, өкпенің гиповентиляциясы дамиды.
Стеноздық тыныс (лат. stenosis - тарылу) - жоғары тыныс алу жолдарында ауа өтуiне қарсыласудың жоғарылауынан болатын сирек терең дем алу. Дифтерия, тыныс саңылауының спазмы, көмей ісінуі, өспелер кездерінде пайда болады.
Полипноэ, тахипноэ (грек. poly, tachys - жиі, тез + pnoe - тыныс) – тыныс алудың жиілеуі, тыныс қимылдарының минутына 24-тен көп болуы, әдетте тыныс тереңдігінің төмендеуімен сипатталады. Тыныс жиі және беткейлік болғандықтан альвеолалар емес, өлі кеңістік вентиляцияланады. Қызба, пневмония, коллапс, өкпе ісінуі кездерінде, қабырғалардың, тыныс бұлшықеттерінің немесе плевраның ауырсынуларында байқалады.
Гиперпноэ (грек. hyper - жоғары, көп + pnoe - тыныс) - жиi терең дем алу. Тиреотоксикоз, қызба, физикалық және эмоциялық жүктеме кездерінде байқалады. Өкпенің гипервентиляцисы және гипокапния дамуына ықпал етеді.
Апноэ (грек. a – жоқ + pnoe - тыныс) - тыныстың уакытша тоқтауы. Қалыпты жағдайда қысқа уақытқа өкпенің гипервентиляциясы жағдайында байқалуы мүмкін. Бұл тыныс орталығының қозымдылығы төмендегенде және артериялық қан құрамында РСО2 мөлшері азайғанда дамиды. Брадипноэ дамуына ықпал ететін жағдайларда пайда
болады.
Ұйқылық обструкциялық апноэ синдромы (лат. obsstructio – бітеліс, қиындау + грек. a – жоқ + pnoe - тыныс ) – ұйқы кезінде тыныстың 10 секундқа және одан ұзақ тоқтауымен көрінетін апноэның бір түрі. 1сағат ішінде апноэ ұстамалары 5 және одан көп болса науқастың өміріне қауіп төнеді. Синдром ретсіз қатты қорылдаумен көрінеді. Жұтқыншақ деңгейінде жоғары тыныс жолдарының оқтын-оқтын тарылуы және тыныс күшінің қалыпты жағдайында өкпе вентиляциясының тоқтауы гипоксияға, түнгі ұйқының бұзылуына және күндізгі ұйқышылдыққа алып келеді. Семіздік және гипотиреоз дамыған науқастарда жиі байқалады.
Балалардағы кенеттен дамыған апноэ синдромы – нәрестелерде ұзақтығы кем дегенде 20 секундтқа созылатын тыныстың тоқтауы және жүрек ырғағының айқын төмендеуімен немесе/және қанның оттегімен жеткіліксіз қанығуымен қабаттасады. Бұл апноэ шала туылған нәрестелерде, инфекцияларда, перинатальді асфиксияларда, заттек алмасуының туа біткен ауруларында байқалады.
Сатылы тыныс алу - тыныс алу ырғағының бұзылуы, тыныс алу кезеңі апноэ кезеңімен ауысады (толқын тәрізді тыныс, қосымша тыныс, Чейн- Стокс тынысы, Биот тынысы). Алғашқы екі түрі тек науқастарда ғана емес, дені сау адамдарда да байқалуы мүмкін. Соңғы екеуі - Чейн-Стокс тынысы және Биот тынысы тек патологиялық жағдайларға тән және сатылы тыныстардың ең ауыр түрлері болып саналады.
Чейн-Стокс тынысы (Cheyne-Stokes Respiration) – сатылы тыныстың бір түрі, тыныс амплитудасы айқын гиперпноэға дейін біртіндеп үдеуімен, сосын оның апноэға дейін азаюымен, содан соң апноэмен аяқталатын тыныстық қимылдардың оралымы қайтадан басталады. Апноэ
кезінде адам есін жоғалтуы мүмкін.
Жиі нерв орталықтары қызметтерінің бұзылыстары салдарынан, басүйекішілік қысым жоғарылағанда, жүрек жеткіліксіздігінде, уланудан дамыған комаларда байқалады.
Биот тынысы – сатылы тыныстың бір түрі, бұл кезде кенет басталған тыныстық қимылдар бірдей амлитудамен сипатталып, кенеттен тоқтайды. Бас миының ауыр зақымдалуында, мысалы бас миы затына қан құйылғанда, бас миы өспелерінде (әсіресе тыныс орталығына жақын орналасқан бөліктерде), менингиттер мен менингоэнцефалиттерде, диабеттік комада, жылулық соққыда, агональді кезеңде пайда болады.
Куссмауль тынысы (үлкен шулы тыныс)- терең шулы жиі тыныс, терең дем алғаннан кейін экспираторлық бұлшық еттердің қатысуымен өтетін күшейтілген дем шығару болады. Заттек алмасуы бұзылыстарынан дамыған ауыр уыттануларда, әдетте диабеттік және уремиялық кома кездеріндегі ауыр ацидоз жағдайларында пайда болады.
Апнейстикалык тыныс –терминальді тыныстың бір түрі, тоқтамайтын құрысу дірілімен демді ішке тартуға әрекет, кейде демді шығарумен үзілетін тыныс («инспираторлық спазм»). Демді сыртқа шығаруға қарағана демді ішке тарту біршама ұзаққа созылады. Бұндай тыныстың пайда болуы, тыныс
реттелуіне қатысатын ми көпірінің орта және каудальді бөліктерінің зақымдануларын дәлелдейді.
Гаспинг-тынысы (ағылш. gasp – ауаны қармау, тұншығу) – күші барған сайын әлсіреп бара жатқан
сирек «күрсінулер». Агония кездерінде, асфиксияның соңғы сатысында, шала туған нәрестелерде байқалады.
Диссоциациялық тыныс (грек. dys – бұзылу + лат. associatio - бірігу) - диафрагманың парадоксальді қозғалысы (диафрагманың екіжақты параличі кезінде), кеуде қуысының жоғары және төменгі бөліктерінің экскурсиясының дискоординациясы (тыныс бұлшықеттері зақымданған кезде), диафрагмамен қабырға аралық бұлшықеттердің қозғалысының диссоциациясы (мидағы қанайналым бұзылыстары, ми өспелері, тыныстың нервтік реттелуі бұзылғанда пайда болатын Грокко-Фругони тынысы) байқалуымен мипатталатын тыныс бұзылысы.
Асфиксия (грек. а - жоққа шығару, sphyxis- тамыр соғуы) - қанда жедел түрде өттегiнiң жетiспеуiнен және көмiрқышқыл газының орагнизмде жиналуынан болатын өмiрге қауiптi дерттік жағдай. Асфиксия механикалық себептерден ірі тыныс жолдары бойынша (көмей, трахея) ауа өтуінің қиындауынан, тыныс реттелуінің бұзылуынан және тыныс бұлшықеттерінің бұзылуы салдарынан дамиды.
Жіті респираторлық дистресс синдром (ЖРДС) (грек. dys - бұзылуы + ағылш. stress - кернеу) –өкпе паренхимасының жіті диффузды қабынулық зақымдануы. Бұл жіті тыныс жеткіліксіздігі қалыптасуына алып келетін түрлі зақымдаушы факторларға жауап ретінде дамитын бейспецификалық реакция. Бұл кезде өкпенің ауа алмасатын тінінің массасы төмендейді және өкпе тіні құрылымдарының бұзылыстары байқалады. Өкпе тамырлары өткізгіштігінің артуымен, гипoксемия дамуымен, рентгенограммада өкпенiң екi жақты инфильтрациясы пайда болуымен, веналық шунтталудың жоғарылауымен және өкпе