Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 431

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»

ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.

Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»

ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»

Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»

Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»

Тақырыбы: «Нефриттік және

Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.

Тақырыбы «Нерв жүйесінің сезімталдық және қимыл- қозғалыстық қызметінің бұзылысы. Нейропатиялардың патогенезі»

Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»

ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»

ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Оқу басылымы

Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік

постсинапстық нейрондарда, ағзалар мен тіндерде иннервация жоқ жағдайда болатын өзгерістердің жиынтығы. Осы денервацияланған құрылымдардың медиаторларға, биологиялық белсенді заттектерге, фармакологиялық дәрі- дәрмектерге сезімталдығының артуы тән. Сонымен бірге, денервация кезінде иннервациясы жоқ ағзалар мен тіндердің бүлдіруші факторларға резистенттілігі төмендейді.

Спиналдық шок (лат. spina омыртқа, жотасы + франц. choc - соққы, итеру)

  • жұлын-мидың жарақаттанған жерінен төмен қарай рефлекторлық белсенділігінің потенциалды қайтымды тежелуі, бұл сезімталдық, қимылдық және вегетативтік рефлекстердің толық жоғалуы, сонымен бірге, нәжіс пен зәрдің бөгелуі, анестезия және енжар салданумен байқалады. Неғұрлым зақымдану және спиналдық шок даму деңгейі төмен орналасса, соғұрлым организмнің барлық функцияларының қалпына келу ықтималдығы жоғары болады. Өйткені ең ауыр спиналдық шок мойын омыртқаларының С1-С4 жарақаттарында байқалады.

Патологиялық парабиоз (грек. рara - жанында, маңында + bios- өмір) - деп кез келген организмнің нервтік құрылымының өткізгіштігін бұзатын, орналасқан жерінің қозымдылығын күшейтетін және ауытқымайтын, стационарлық, тұрақты жағдайды айтады. Парабиоз дамуы нерв

құрылымдарының бұзылған функцияларын өздігінен қалпына келтіру қасиетінің жартылай немесе толығымен жойылуы нейрон мембранасындағы натрий каналдарының бөгелісімен байланысты.

Патологиялық күшейген қозу генераторы (ПКҚГ) (лат. generator -
өндіруші) - тым қуатты импульстер туындататын және өзара әрекеттесе алатын гиперактивті нейрондардың агрегаты, ПКҚГ-ның пайда болуы және олардың функциясын жүзеге асыру үшін белгілі бір нейрондар тобында тежеуші механизмдердің жеткіліксіз болуы қажет. ОНЖ-нің барлық бөлімдерінде ПКҚГ пайда болуы мүмкін.

Нейрон деафферентациясы (лат. de - жоқтық, болдырмау + afferentis - әкелуші) - сезімтал нервтердің анатомиялық және физиологиялық бүтіндігі бұзылуынан шеткері тіндерден орталыққа қарай сенсорлық импульстерді өткізудің мүлдем тоқтатуы. Деафферентация кезінде нейрондардың қозымдылығы артады және нейрон тежелуден шығып кетеді. Осыдан нейрондардың осы тобы патологиялық күшейген қозу генераторының ошақтарына айналады.

Истериозис (грек. hystera - жатыр) - қандай да бір афференттік нервтің ұзақ уақыт бойы ырғақты түрде тітіркенуінен ОНЖ-де қозымдылықтың күрт артуымен көрінетін патологиялық жағдай. Осының нәтижесінде басқа да сезімтал нервтердің шамалы ғана тітіркенуі генерализацияланған реакцияны туындатады. Истериозис сіреспе, құтыру, стрихнинмен улау кезінде және т.б. жағдайда байқалуы мүмкін.

Патологиялық детерминанта (грек. pathos - ауру, азап шегу, дерт + лат. determino - анықтаймын) - ПКҚГ пайда болу әсерінен орталық нерв жүйесінің өзгерген құрылымы. Патологиялық детерминанта жүйеішілік қатынастың принципі мен механизмі болып табылатын жүйелік деңгейде іске асырылады. Бұл организмдегі бастапқы патогенездік өзгерістерді анықтайтын патологиялық жүйенің ең резистентті бөлігі болып саналады.

Патологиялық доминантна (лат. dominans - үстемдігі жоғары) - ОНЖ сол мезеттегі

үстемдігі жоғары қызметтік құрылымы, басқа да нерв орталықтарының қызметін бағыттайды, атап айтқанда нерв орталықтарының белсенділігін тежеу арқылы оларға келген импульстарды өзіне «тартып» алып отырады. Патологиялық доминанта жүйеаралық қарым-қатынастың принципі және механизмі болып табылады.

Патологиялық жүйе (грек. pathos - ауру, азап шегу, дерт + лат. systema - тұтас, бірігу) - әртүрлі патологиялық ықпалдардың қарқынды және ұзақ уақыт бойы әсер етуінен пайда болатын, патологиялық детерминантаның әсерінен дамитын, ілкі және салдарлық өзгерген ОНЖ құрылымдарындағы нейрондардың жаңа интеграциясы (патодинамикалық ұйымдасуы). Патологиялық жүйенің клиникалық көрінісіне нейропатологиялық синдром жатады.

Антижүйелер (грек. anti – қарсы + лат. systema - тұтас, бірігу)- патологиялық жүйенің қызметін басуға және дамуын шектеуге бағытталған организмнің реттеуші механизмдері. Мысалы; антиноцицептивтік, антиэпилепсиялық және антиэмоциялық антижүйелер кездеседі.

Патологиялық рефлекс (грек. pathos – ауру, азап шегу, дерт + лат. reflexus – артқа қарай бұрылатын, тойтарыс беретін) - сыртқы немесе ішкі ортаның өзгерістеріне организмнің бейімделуін шектейтін рефлекстік реакция. Патологиялық рефлекс төзімділігімен, енжарлығымен ерекшеленеді. Икемделу-бейімделу рефлекстерінің (құсу, жөтелу, түшкіру, диарея) негізінде қалыптасуы мүмкін. Патологиялық рефлекстерді клиникада нерв жүйесі ауруларына (мысалы, Бабинский рефлексі, Рассолимо рефлексі, патологиялық сору рефлексі және басқалар) диагноз қою кезінде қолданады.


Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.


Инсульттер»

Мидағы қанағымның аутореттелісі (грек. autos - өзім + лат. regulare ретке келтіру) жүйелік артериялық қысымның (АҚ) шамамен сын.бағ.бойынша 50 ден 180 мм дейін өзгеруі кезінде, мидағы қанағыс деңгейінің оған тәуелсіз болуы, яғни жүйелік АҚ жоғарылаған кезде - ми тамырлары тарылып, ал керісінше төмендегенде кеңейіп, миға келетін қанның көлемін реттейді. Церебралдық қанайналымның жіті және созылмалы бұзылыстарының патогенезіндегі ең маңызды тізбек - аутореттелістің бұзылуы болып табылады.

Ми тамырлық аурулар (цереброваскулалық) (лат. cerebrum - ми + vas - тамыр) - церебралдық тамырларда туындаған патологиялық өзгерістердің салдарынан, мидағы қанайналымның бұзылуымен сипатталатын бас миы ауруларының бір тобы. Ми қанайналымының бұзылыстары: бастапқы, өткінші, жіті және созылмалы болып бөлінеді.

Ми қанайналымының өткінші бұзылысы (МҚӨБ) - бұл 24 сағаттан аспайтын, ошақтық немесе жалпы милық симптомдармен көрінетін ми қанайналымының жіті бұзылыстары. Осы МҚӨБ-тың негізінде кез келген ми тамырларының бассейнінде өтпелі ишемияның дамуы жатыр. МҚӨБ-ның негізгі критерийі - 24 сағаттың ішінде ошақтық немесе диффузды неврологиялық симптомдардың толығымен қалпына келуі.

Транзиторлық ишемиялық атака (ТИА) (шабуыл) (лат. transire өту, өтпелі) бас миы тіндерінің, жұлынның
немесе көздің торқабығының аймақты ишемияға ұшырауынан, неврологиялық дисфункция көріністері өткінші кезеңдермен сипатталатын МҚӨБ-тың бір түрі. ТИА кезінде ишемия пайда болған бөлікте инфаркт дамымайды. ТИА қайталанатын болса ми тінінде диффузды атрофиялық өзгерістер дамуы мүмкін.

Инсульт (лат. insilio - шабуылдау) - ошақтық (қимыл-қозғалыстық, сөйлеу, сезімталдық, координациялық, көру және басқа бұзылыстар) және/немесе жалпы милық (сана сезімнің өзгеруі, бас ауруы, құсу) неврологиялық симптомдардың кенеттен (бірнеше минут, сағат аралығында) дамуымен сипатталатын ми қанайналымының жіті бұзылуы (МҚЖБ). Бұл кезде симптомдар 24 сағаттан аса сақталады немесе цереброваскулалық патологиялардың салдарынан қысқа уақыт ішінде науқас қайтыс болады.

Межелі ишемиялық қанағым - мидағы қанағымның ең төменгі критикалық деңгейі және миға оттегі мен қоректік заттектердің жеткіліксіз келіп түсуінен жергілкі ишемияның дамуы. Салдарынан ми инфаркты дамуының қауіпі туындайды. Минуттық қанағымның 10 мл/100г/мин–1азаюы нейроглия жасушалары мен нейрондардың қайтымсыз зақымдануларын туындатады.

Ишемиялық инсульт (мидың инфаркты) (лат. infarcire - толтыру, набивать) – бас миы немесе мойын артерияларының бітелуінен және бас миы тіндерінің өлуі салдарынан, мидың белгілі бір бөліктерінің қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен тоқтауы. Бұл клиникалық синдром ошақтық немесе жалпы милық бұзылыстардың дамуымен сипатталады.

Инсульт кезіндегі ишемияның ядролық аймағы («өзек», «инфарктты