Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 417
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
Жіті панкреатит (грек. pancreas - ұйқыбезі + -itis – қабынба дегенді білдіретін суффикс) - демаркациялық типті ұйқыбездің жіті асептикалық қабынуы, оның негізінде панкреатоциттердің некробиозы және ферменттік аутоагрессия жатыр, нәтижесінде бездің дистрофиясы мен некрозы дамиды, екінші реттік іріңды инфекциялар қосылады.
Панкреонекроз (грек. pancreas - ұйқыбезі + nekrosis - өлеттену) – ұйқыбезінің деструкциялық ауруы. Бұл көпағзалық жеткіліксіздікке алып келетін жіті панкреатиттің асқынуы. Панкреонекроз стерильді (майлы, геморрагиялық, аралас) және инфекциялық (ұйқыбезі тінінің бактериялық некрозы және ішперде артындағы тіндердің ыдырауы мен секвестрленуі) болып бөлінеді.
Панкреатикалық коллапс (лат. collapsus - құлау) – ұйқыбезі тінінің мылжалануына алып келетін құрсақ қуысының ауыр жарақаттарында және жіті панкреатиттерде дамитын жіті қантамырлық жеткіліксіздіктің бір түрі. Тамыр қабырғалары тонусының және артериялық қысымның бірден төмендеуі панкреатикалық ферменттердің қанағымға түсуімен (бастысы трипсиннің) және безде медиаторлардың түзілуімен (брадикинин, каллидин)
байланысты.
Созылмалы панкреатит – ұйқыбездің созылмалы қабынулық- дистрофиялық ауруы, патологиялық процесс үдеген жағдайда оның түтіктерінің өткізгіштігі бұзылуына, кисталар мен конкременттер түзілуіне,
паренхиманың склерозына, экзокриндік және эндокриндік функцияларының анағұрлым бұзылыстарына әкеледі.
Созылмалы алкогольдік панкреатит – алкогольді және оның суррогаттарын ұзақ мерзім қабылдағанда дамитын ұйқыбездің созылмалы қабынулық-дистрофиялық ауруы. Этанолды қабылдағанда ацинарлы жасушалардың белсенділігі артады, Одди сфинктері жиырылады, құрамында литостатин көбейетіндіктен секреттің тұтқырлығы жоғарылайды (тастар түзілуіне ықпал ететін заттек), лизосомалық ферменттердің өндірілуі күшейеді, майлардың асқын тотығуы әсерленеді, бездің регенерациясы тежеледі.
Билиарлы панкреатит (лат. bilis - өт) – бауыр және өт шығаратын түтіктердің зақымдануының салдарынан дамитын ұйқыбезінің созылмалы қабынулық ауруы. Ұйқыбезінің түтіктеріне өттің түсуі және тұрып қалуы, олардың панкреатикалық ферменттермен әрекеттесуі билиарлы панкреатит дамуының басты механизміне жатады. Нәтижесінде байланысқан өт қышқылдарының босауы, бездің түтіктік жүйесінде панкреатикалық ферменттердің белсенуі байқалады.
Холедохо-панкреатикалық рефлюкс (грек. сholе - өт + dochе - сауыт, тамыр
+ лат. refluxus – кері ағыс) - панкреатикалық түтіктерге өттің түсуі. Дамуының басты механизмдеріне, өт жолдарының түтіктік жүйелерінде қысымның артуы жатады, яғни ұйқыбезі түтіктеріндегі қысымнан жоғары болуы. Бұл
жағдай өттің жалпы түтігінің және ұйқы безі түтігінің жалпы каналға қосылғанында, холелитиаз салдарынан фатеров емізікшелері деңгейінде өттің ағып кетуіне кедергі туындағанда, Одди сфинктерінің тонусы жоғарылағанда пайда болады.
Гипохолия (грек. hypo – төмен, аз + chole - өт) - өттің ішекке түсуінің азаюы. Өттің ішекке түсуінің толығымен тоқтауы - ахолия (грек. a - жоқ, жоққа шығару + chole - өт). Өт жоқ болған жағдайда панкреатикалық сөлдегі липазаның белсенділігі төмендейді, салдарынан майлардың эмульгациясы бұзылады және олардың липолиздік ферменттермен әрекеттесуі қиындайды.
Стеаторея (грек. stear - май + rhoia - ағыс) - нәжісте бейтарап майлардың, май қышқылдары немесе сабының көп болуы. Панкреатикалық стеаторея әдетте майлардың эмульгациясы және панкреатикалық липазаның белсенділігі бұзылғанда байқалады. Стеаторея кезінде нәжіс майлы, сұйық, жиі және мол болады.
Креаторея (грек. сгеаго - ет + rhoia - ағыс) – ет тағамдарын жегеннен кейін, нәжісте қорытылмаған көлденең-жолақты бұлшықеттік және дәнекер тіндік талшықтардың жоғары мөлшерде болуы.
Амилорея (лат. amylon - крахмал + rhoia – ағыс) – нәжісте қорытылмаған крахмалдың көп болуы, бұл көмірсулар ыдырауының бұзылысын дәлелдейді. Панкреатикалық жеткіліксіздік дамыған науқастарда бұл жағдай сирек кездеседі, өйткені ішектік амилазаның белсенділігі жоғары болғандықтан крахмалдың гидролизденуі бұзылмайды.
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Ішектік диспепсия (грек. dys - бұзылыс + pepsis - асқорыту) - ішекте ас қорытылудың бұзылуымен және іш кебуі, ішектің газдануымен, ішек құрылдауы және ішектегі кайта құйылулардың пайда болуымен сипатталатын симптомдардың кешені. Себептері: көп мөлшерде тамақтану, ішектік дисбактериоз және ферменттердің жетіспеушілігі.
Тітіркенген ішек синдромы - дефекация актісінің бұзылыстарымен және түрлі абдоминальдік ауырсыну синдромдарымен көрінетін ішектің функциялық бұзылыстарының комплексі. Бұл кезде ішекте маңызды қабынбалық және органикалық өзгерістер болмайды. Патогенезінде висцералық аса сезімталдық және ішек моторикасының бұзылуы маңызды.
Iш қату (constipatio, obstipatio) (лат. ob - алдында, қарама-қарсы + stipo - толтыру, толықтыру) – ұзақтығы 3 айдан асатын тұрақты немесе жиі қайталанатын жуанішек функциясының бұзылысы. Ішекті босату аптасына 3 реттен аз болады және дефекация актісінің 25%-дан көп уақыты еріксіз күшенумен өтеді. Іш қатудың объективті критериі - фекалий массасының тәулігіне 35г аз болуы. Ұзақтығына байланысты іш қатулар жіті (3 айға дейін) және созылмалы (3 айдан асады) болып бөлінеді.
Функциялық іш қату – патогенезі ішектің нақты генетикалық, құрылымдық, органикалық өзгерістерімен байланысты емес, созылмалы іш қатудың бір түрі. Дамуында жуанішектің моторикалық функциясының бұзылысы маңызды, оның негізінде ішектің тониялық және пропульсиялық жиырылуының дискоординациясы, ішек мускулатурасы тонусының бұзылуы, реттеуші интестиналық пептидтер түзілуінің бұзылуы, вегетативті
нерв жүйесі қозымдылығының өзгерістері жатыр.
Гиршпрунг ауруы – тікішек дамуының туа біткен ақауы (кейде тоқішектің дистальді бөлігін алып жатады). Бұл жуанішек бөлігінің немесе тұтас жуанішек қабырғаларының интрамуральді нерв өрімдерінде ганглилік жасушалардың болмауынан дамиды. Салдарынан нерв талшықтары арқылы импульс өткізілуінің бұзылуы және ішектің функциялық обструкциясы байқалады. Негізгі шағымдары – өз бетінше үлкен дәреттің болмауы (созылмалы іш қату), метеоризм.
Метеоризм (грек. meteorizo - жоғарыға көтеремін, үрлеймін) - ішекте газдардың жиналуынан іштің кебуі. Түрлері: механикалық (ішектің шығарымдық функциясының механикалық бұзылыстарынан); психогендік (нервтік және психикалық бұзылыстардан); алиментарлық (газ түзілуін күшейтетін тағамдарды қолданудан); циркуляциялық (ішектегі қанайналым бұзылыстарынан); дигестивті (асқорыту процестерінің бұзылыстарынан); дисбиотикалық (ішекте газ түзетін бактериялардың көбеюінен); динамикалық (ішек перистальтикасының бұзылыстарынан).
Диарея (грек. diarrhoia - ағу) – патологиялық сұйық нәжістің 24 сағат ішінде кем дегенде үш рет экскрециясы. Тағамдық заттардың сіңірілуі бұзылуынан дамыған диареяларда полифекалия байқалады, яғни массасы әдеттегіден
жоғары, көп мөлшерде бөлінетін, құрамы қорытылмаған ас қалдықтарынан тұратын нәжістің болуы. Ішектің қозғалғыштық функциясының бұзылуынан дамыған диареяларда нәжіс жиі және сұйық болады, бірақ тәуліктік мөлшері 200-300 грамнан аспайды.
Секрециялық диарея (лат. secerno – шығару, бөлу) – ішек саңылауына электролиттердің және судың активті секрециясының күшеюінен дамитын диарея түрі. Негізгі себептері - бактериялық токсиндер,