Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 467

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»

ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.

Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»

ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»

Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»

Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»

Тақырыбы: «Нефриттік және

Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.

Тақырыбы «Нерв жүйесінің сезімталдық және қимыл- қозғалыстық қызметінің бұзылысы. Нейропатиялардың патогенезі»

Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»

ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»

ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Оқу басылымы

Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік

реакциясы, бұл кезде прекапиллярлық қарсыласу жоғарылайды (өкпе артериолаларының тарылуы). Бұл рефлекстің физиологиялық маңызы бар – өкпе вентиляциясы өзгеруіне қарай, қан ағыстың сәйкес жауап қайтаруы. Бірақ, гиповентиляция альвеолалардың басым бөлігінде дамыса (мысалы, ӨСОА кезінде), рефлекстің іске қосылуы (гипоксиялық өкпелік вазоконстрикция) кiшi қанайналым шеңберiнің гипертензиясының прекапиллярлық түрi дамуына ықпал етеді.

Кiшi қанайналым шеңберiнің гипертензиясының посткапиллярлық түрi


  • өкпе веналары және венулаларынан солжақ жүрекшеге қанның ағуы азаюынан дамитын өкпелiк гипертензияның түрi. Өкпеде іркілулік құбылыстар пайда болуымен сипатталады. Өкпенің солжақ бөліктерінің патологияларында жиі байқалады.

Аралас өкпелік гипертензия – кіші қанайналым шеңбері гипертензиясының пре- және посткапиллярлық түрлерінің өршуінің және асқынуының нәтижесінде дамитын өкпелік гипертензияның бір түрі. Жиі посткапиллярлық түрі Китаев рефлексінің механизмі бойынша прекапиллярлық түріне асқынғанда дамиды.

Китаев рефлексі өкпе веналарында қысым жоғарылағанда кіші қанайналым шеңберінде прекапиллярлық қарсыласудың артуы (қорғаныстық мақсатта өкпе артериолаларының рефлекторлық тарылуы). Нәтижесінде белсенді өкпелік гипертензия қалыптасады. Рефлекстің оң мәні бар – өкпе ісінуінің алдын алады.

Парин рефлексі - кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы кезінде туындайтын үлкен қанайналым шеңберi тамырларының рефлекторлы дистониясы.
Артериялық қысымның төмендеуiмен, брадикардиямен,

қаңқалық бұлшықеттердің вазодилатациясымен, қанның көкбауырмен бауырда жинақталуынан айналымдағы қан көлемінің азаюымен қабаттасады. Өкпелік жүрек (cor pulmonale) өкпе функциясының бұзылуына және тыныс жеткіліксіздігінің дамуына ықпал ететін аурулардың (бронх өкпелік жүйедегі, өкпе тамырларындағы, кеуде қуысындағы патологиялық процестер, тыныс орталығының бұзылыстары), салдарынан өкпелік артериялық гипертензия туындауынан жүректің оңжақ бөліктерінің екіншілікті ұлғаюы (әсіресе оңжақ қарыншаның гипертрофиясы және/немесе дилатациясы). Ағымы бойынша жіті және созылмалы болып бөлінеді.

Созылмалы өкпелік жүрек өкпелік гипертензияның біртіндеп баяу (бірнеше жылдар ішінде) қалыптасуымен және оңжақ қарыншаның функциясы бұзылмауымен, айқын дилатация дамымауымен (компенсацияланған саты) сипатталатын жүректің оңжақ бөліктерінің патологиясы. Соңында оңжақ қарыншаның систолалық дисфункциясы және дилатациясы, оңжақ қарыншалық жеткіліксіздік дамиды (декомпенсациялық саты).


Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»


Бронхылық обструкция (грек. bronchus – тыныс көмейі + лат. obstructio - кедергі) – бронхылар арқылы ауа өтуінің қиындауы, вентиляция кезінде ауа ағымына қарсыласудың жоғарылауымен қабаттасады.

Бронхоспазм (грек. bronchus - тыныс көмейі + spasma - құрысу) – бронх өткізгіштігінің нашарлауына әкелетін, бронхылардың тегіс бұлшықеттерінің шақырған қоздырғышқа сәйкес емес жиырылуы. Бронхоспазм диаметрі 2мм– ден кішкентай, ұсақ бронхыларда айқын байқалады.

Бронхообструкциялық синдром (БОС) - бронх өткізгіштігінің бұзылуымен және вентиляция кезінде ауа ағымына қарсыласудың артуымен сипатталатын клиникалық симптомдар кешені. Дем шығару фазасының ұзаруымен экспираторлық ентікпе, тұншығу ұстамалары, тыныс алуда қосымша бұлшықеттердің іске қосылуы тән. БОС өкпенің созылмалы обструкциялық синдромының және бронх демікпесінің негізгі клиникалық синдромы болып табылады.

Бронхылардың аса қабылдағыштығы (гипервосприимчивость) – сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне бронхылардың сезімталтық межесінің төмендеуі және бронхоконстрикторлармен сынама жасағанда тарылу арқылы жауап қайтару қабілеті. Бейспецификалық аса қабылдағыштықты анықтау үшін тура (гистамин) және жанама (мөлшерленген физикалық жүктеме) тітіргендіргіштерді қалдану арқылы сынама жүргізіледі. Аса қабылдағыштық термині аса сезімталдық және гиперреактивтілік түсініктерін қамтиды.

Бронхылардың аса сезімталдығы (гиперчувствительность) табиғаты экзогендік
және/немесе эндогендік түрлі ықпалдарға бронхылардың сезімталтығының жоғарылауы. Қалыптыға қарағанда қарқыны төмен

стимулдарға жауап ретінде бронхоспазм пайда болады. Бұл бронхтарылтқыш тест арқылы, алғашқы секундта қарқынды тыныс шығару көлемінің 20%-ға төмендеуіне әкілетін бронхты тарылтқыш агенттің минимальді мөлшерімен анықталады.

Бронхылардың гиперреактивтілігі (грек. hyper - жоғары + от лат. activus - әрекет) дені сау адамдардың басым көпшілігі индифферентті болып келетін түрлі факторлардың әсеріне тыныс жолдарының жоғары реактивтілігі, яғни бронхоконстрикциямен жауап қайтару қабілеті. Дамуында эпителийдің зақымдалуы, тамыр өткізгіштігінің артуы, бронх қабырғаларының ісінуі, қабынудың эффекторлық жасушаларының медиаторлары және вегетативті нерв жүйесі функциясының бұзылыстары маңызды рөл атқарады.

Бронх демікпесі (грек. asthma – ауыр тыныс) – бронхылардың созылмалы аллергиялық қабынуының, олардың гиперреактивтілігінің негізінде дамитын гетерогендік ауру. Бронхоспазмның, сілемейдің аса көп өндірілуінің, бронх қабырғалары ісінуінің салдарынан тыныс алудың қиындауы немесе тұншығу ұстамаларының кезеңдік пайда болуымен сипатталады.

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) патогендік бөлшектердің немесе газдардың әсерлеріне өкпе тінінің патологиялық қабынумен жауап қайтаруымен байланысты, ауа ағымының жылдамдығы шектелуінің үдеуімен сипатталатын созылмалы ауру. ӨСОА кезіндегі қабыну процесі, бронх өткізгіштігінің бұзылуына, сілемейлі қабаттың метаплазиясына, фиброзға, бронхылардың стенозына, альвеола қабырғаларының деструкциясына, дем шығару кезінде өкпенің серпінділік күшінің
төмендеуіне, эмфизема дамуына алып келеді.

Мукоцилиарлы клиренс (лат. mucus – сілемей + cilia – кірпікше + ағылш. сlearance тазарту) инфекцияларға және басқа түрлі сыртқы әсерлерге тыныс ағзаларының сілемейлі қабатының жергілікті қорғанысын қамтамасыз ететін бейспецификалық механизм. Мукоцилиарлы жүйе бір-бірімен байланысты функциялық үш компоненттен тұрады: кірпікшелік эпителий, секреттің перицилиарлы қабаты және сілемей. Кірпікшелердің қозғалысы перицилиарлы қабатта іске асады.

Мукоцилиарлы жеткіліксіздік синдромы (лат. mucus сілемей + cilia - кірпікше) бронх ағашының мукоцилиарлы аппаратының функциялық жеткіліксіздігінен дамитын клиникалық симптомдар кешені. Тәулігіне100-200 мл-ден аспайтын сипаты сілемейлі және/немесе сілемейлі-іріңді қақырықтың жөтелмен бөлінуі тән. Мукоцилиарлы клиренс жеткіліксіздігінің негізінде мукостаз, гиперкриния, дискриниялар дамуы жатыр.

Гиперкриния (грек. hyper - жоғары + crino - бөлу, шығару) – бронхылардың сілемейлі қабығына патогенді факторлардың әсеріне бронх бездерiнiң сілемейді күшейтiп, артығымен өндiруi.

Дискриния (грек. dys - бұзылу + crino - бөлу, шығару) – бронх саңылауының бітелуіне және мукоцилиарлы клиренстің бұзылуына ықпал ететін, құрамы өзгерген (ең бастысы тұтқырлығының жоғарылауы), бронх сөлінің патологиялық жоғары өндірілуі.

Мукостаз (лат. mucus – сілемей + stasis тұру) бронх сөлінің жылжу қозғалысының бұзылысы, тоқтап қалуы. Сілемейдің іркіліп қалуынан без тіндерінің атрофиясы және оның біртіндеп дәнекер тінмен алмасуы дамиды.

Бронхылардың экспираторлық компрессиясы (бронхылардың экспираторлық