Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 470
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
Гипертрофиялық кардиомиопатиялардың обструкциялық түрі (идиопатиялық гипертрофиялық субаортальді стеноз) (лат. obsstructio – кедергі) – гипертрофиялық КМП-ның асимметриялық түрі, қарыншааралық қалқаның бір бөлігінің немесе тұтас қалқаның пропорционалды емес қалыңдауымен сипатталады. Салдарынан солжақ қарынша қуысының тарылуы және систола кезінде оның бітелуі «обтурациясы» байқалады. Солжақ қарыншаның қанды шығару жолындағы систолалық қысымның градиенті 30 мм сын. бағ., және одан жоғары болады, ал қарыншааралық қалқаның қалыңдығын, солжақ қарыншаның бос қабырғасының қалыңдығымен салыстырғанда 1,3:3 қатынасқа жуандайды.
Гипертрофиялық кардиомиопатиялардың обструкциясыз түрі – гипертрофиялық КМП-ның гемодинамикалық түрі, солжақ қарыншаның симметриялық емес немесе симметриялық гипертрофиясы дамуымен сипатталады. Қарыншааралық қалқаның пропорционалды емес гипертрофиясы болмайтындықтан, солжақ қарыншаның қанды шығару жолында обструкцилық синдром дамымайды.
Симметриялық (диффузды) гипертрофиялық кардиомиопатия (грек. symmetria – мөлшерлес, шамалас; лат. diffusio – төгілу, таралу) – жүрек массасының артуымен және олардың қабырғаларының біркелкі қалыңдауымен сипатталатын гипертрофиялық КМП-ның түрі. Бұл кезде қарыншалардың қуысы өзгермеген немесе көлемі кішірейген, ал жүрекшелердің қуысы дилатацияланады.
Рестрикциялық кардиомиопатия (эндомиокардиальді фиброз) (лат. restrictio –
шектеу; fibra - талшық) – айқын фиброзданудың және созымдылықтың бұзылуының салдарынан миокардтың сіресуі және диастола кезінде қарыншалардың қанға толуының шектелуімен сипатталатын миокард және эндокард ауруы. Қарыншалардың көлемінің аса ұлғаймауымен және систолалық функциясының қалыпты шамада болуымен көрінетін айқын диастолалық жүрек жеткіліксіздігі. Рестрикциялық КМП көбіне екіншілікті (салдарлық) болып келеді және амилоидоз, саркоидоз, гемохроматоз, карциноидты синдром кездерінде байқалады...
Аритмогендік оңжақ қарыншалық кардиомиопатия (Фонтан ауруы) (грек. a - жоқ, болмауы + rhythmia – ритм + genes - туындайтын, пайда болатын) – этиологиясы белгісіз, біріншілікті (ілкі) генетикалық КМП тобына жататын ауру. Жүректің ұшымен оңжақ қарыншаның қанды алып келуші және шығарушы жолдарында орналасқан дисплазиялық үшбұрыш дап аталатын аймағындағы миокардтың бос қабырғасын үдемелі майлы және фиброзды тіндердің басуы. Солжақ қарынша миокарды мен қарыншааралық қалқаның
бұл процеске ілігуі сирек кездеседі. Десмосомалардың (жасушаларды бір- бірімен байланыстыратын миокард жасушаларының бөлігі), генетикалық ақауына байланысты дамитын патология.
Иондық каналопатиялар (лат. canalis – түтік + pathos - ауру) - калий, натрий, кальцийлік трансмембраналық каналдардың қызмет атқаруына жауапты гендердің мутациялануымен сипатталатын біріншілікті (ілкі) генетикалық КМП тобына жататын ауру. Мысалы: ұзарған QT синдромы, қысқарған QT синдромы, катехоламиндік полиморфты қарыншалық тахикардия және
басқа.
Солжақ қарыншаның компактты емес миокарды (персистеуші «кеуекті, губкалы» миокард) – солжақ қарыншаның гипертрофиясымен, оларда трабекулалардың көбеюімен және трабекула аралық терең кеңістіктердің пайда болуымен сипатталатын кардиомиопатия. Қалыпты жағдайда ауқымды бұлшықеттік трабекулалар оңжақ қарыншада кездесуі мүмкін, олардың солжақ қарыншада пайда болуы патология болып есептеледі. Бұл жүрек эмбриогенезіндегі қалыпты процестердің бұзылуы салдарынан дамитын генетикалық детерминацияланған ауру.
Алкогольдік кардиомиопатия - екіншілікті токсикалық дилатациялық КМП, алкогольді ұзақ уақыт бірнеше жылдар көлемінде (әдетте 10жылдан астам), қабылдаған адамдарда дамиды, бұл кезде жүрек қуысының дилатациясы салдарынан систолалық дисфункция туындайды. Жүрек бұлшықетінің диффузды зақымдануымен, кардиомиоциттердің қозу және жиырылу процестерінің ажырауымен сипатталады.
Ишемиялық кардиомиопатия – спецификалық КМП түрі, миокардтың созылмалы және жіті ишемиялық эпизодтардың салдарынан, диффузды морфофункциялық бұзылыстар кешені туындауымен сипатталатын миокардтың патологиялық жағдайы. Негізгі көріністері: жүрек қуысының дилатациясы салдарынан систолалық дисфункция және жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі.
Миокардиодистрофиялар (грек. myos - бұлшықет + kardia - жүрек + dys - бұзылу дегенді білдіреді + trophe - қоректену) – түрлі экстракардиалық факторлардың ықпалынан, жүрек бұлшықетінің метаболизмі мен жиырылу функциясының бұзылыстары дамуымен
сипатталатын миокардтың коронарогендік емес ауруларының тобы. «Миокардиодистрофия» термині диагноз ретінде қолданылмайды. Клиникада миокардиодистрофия метаболизмдік кардиомиопатиялардың синонимі іспеттес.
Миокардиттер (грек. myos - бұлшықет + kardia - жүрек + -itis – қабынуды білдіретін суффикс) – жүрек бұлшықетінің қабынулық зақымдалуымен сипатталатын миокардтың коронарогендік емес ауруларының тобы. Инфекциялардың, химиялық немесе физикалық факторлардың тікелей немесе иммундық механизмдер арқылы жанама әсер етуінен дамиды, сонымен қатар аллергиялық және аутоиммунды ауруларда пайда болады. Ең жиі себебі - вирустар. Клиникада миокардит қабынулық кардиомиопатиялардың синонимі іспеттес.
Перикардит (лат. pericardium – жүрек қабы + грек. kardia - жүрек + -itis – қабынуды білдіретін суффикс) – жүректің дәнекер тіндік қабының (перикардтың висцералық және париеталық қабықтары), қабынулық ауруы. Әдетте көптеген аурулардың асқынуларынан дамиды, өзіндік ауру ретінде сирек кездеседі. Генезі жиі инфекциялық, ревматизмдік немесе постинфарктты болады. Құрғақ және экссудативті перикардиттер деп бөлінеді. Құрғақ перикардит кездерінде перикардиялық қабықтың жіті қабынуы, олардың беткейіне фибриндердің тұнуымен ұласады. Қабынулық процес кезінде жүректің серозды қабатындағы тамырлардың өткізгіштігі артатын болса, экссудативті перикардит туындайды.
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Респираторлық жүйе бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Өкпе вентиляциясының бұзылыстары»
Тыныс жеткіліксіздігі – сыртқы тыныс бұзылыстарының салдарынан дамитын патологиялық процесс. Тыныштық жағдайда немесе физикалық жүктемелер кезінде организмнің мұқтаждығына сәйкес артериялық қанның газдық құрамының адекватты қамтамасыз ете алмауы.
Гиповентиляция (грек. hypо - төмен, аз + лат. ventilatio - желдету) – сыртқы тыныс бұзылыстарының типтік түрі, бұл кезде альвеолалардың уақыт бірлігіндегі вентиляциясы, сол мезеттегі организмге қажетті деңгейден төмен болады. Бұл әдетте, артериялық гипоксемияға, гиперкапнияға , газдық ацидозға алып келеді.
Экзогендік вентиляция жеткіліксіздігі (грек. ехо – тыс, сыртқы + genesis – шығу тегі + лат. ventilatio - желдету) – қоршаған (дем алатын ауада) ортада оттегінің парциалды қысымы төмендеуінен дамитын вентиляция жеткіліксіздігінің бір түрі.
Орталықтан туындаған вентиляция жеткіліксіздігі (грек. kentron – түйіні, шоғыр + genesis – шығу тегі + лат. ventilatio - желдету) – тыныс орталығының патологияларында пайда болатын вентиляция жеткіліксіздігінің бір түрі.
Эндогендік вентиляция жеткіліксіздігі (грек. endon - ішкі + genesis – шығу тегі + лат. ventilatio - желдету) - вентиляция жүйесінің патологияларында пайда болатын жеткіліксіздік.
Альвеолалық гиповентиляцияның обструкциялық типі (лат. obsstructio – кедергі) – тыныс жолдарының тарылуынан және ауа ағымына қарсыласудың жоғарылауынан дамитын альвеолалық гиповентиляция. Нәтижесінде өкпенің сәйкес