Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 467

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»

ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.

Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»

ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»

Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»

Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»

Тақырыбы: «Нефриттік және

Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.

Тақырыбы «Нерв жүйесінің сезімталдық және қимыл- қозғалыстық қызметінің бұзылысы. Нейропатиялардың патогенезі»

Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»

ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»

ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Оқу басылымы

Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік

миокардында көптеген бей-берекет таралатын micro-re-entry; негізгі эктопиялық ошақ солжақ жүрекшенің артқы қабырғасында орналасады.


Қарыншалардың фибрилляциясы (лат. fibra - талшық) - жүректің насостық қызметі және тиімді жиырылу қызметтерінің тоқтауымен жүретін, қарыншалардың тұрақсыз, ретсіз электрлік белсенділігі. ЭКГ-да жиі (300-400 мин–1 дейін), ретсіз, амплитудасы мен конфигурациясы әртүрлі электрлік осцилляциялар тіркеледі. Ырғақ дұрыс емес, ретсіз, QRS кешені және P тісшелерінің жойылуымен сипатталады. Негізгі механизмі: қозу толқынының қайта оралып кіруі (re-entry механизмі), яғни шыр айналуы.

Атриовентрикулалық блокадалар (АВ-блокадалар) - электрлік импульстардың жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің бұзылуымен сипатталатын жүрек ырғағының бұзылысы.

  1. ші дәрежелі АВ-блокада – импульстардың жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулауымен сипатталатын аритмия. PQ интервалының ұзаруы тән PQ > 0,20 с. Жүрекшелер арқылы импульстың таралуы бұзылмағандықтан, P тісшесі және QRS кешені өзгермейді.




  1. нші дәрежелі АВ-блокада (Венкебах-Самойлов кезеңді Мобитц I типі) - атриовентрикулалық байланыста абсолютті және салыстырмалы рефрактерлік кезеңдердің ұзаруы салдарынан электрлік импульстардың өткізілуінің бұзылыстарымен көрінетін аритмия. PQ интервалының ақырындап ұзаруы, QRS кешенінің түсіп қалуы тән. Үзілістен кейін түйінде өткізгіштік қалпына келеді, сосын бұл цикл қайталанады.





  1. нші дәрежелі АВ-блокада (жартылай, Мобитц II типі) - атриовентрикулалық байланыста электрлік импульстардың өткізілуінің бұзылуынан дамитын аритмия. Қарыншалық жиырылулардың кезеңдік түсіп қалуы тән, PQ интервалының циклы өзгермеген, бірақ ол ұзаруы немесе қалыпты болуы мүмкін. Қарыншалық кешендердің түсіп қалуы (болмауы), белгілі бір ретпен (әр 3-інші, немесе 4-інші, немесе 5-інші) немесе ретсіз, хаостық болуы мүмкін.



  1. інші дәрежелі АВ-блокада (толық) - атриовентрикулалық байланыс арқылы жүрекшелерден қарыншаларға импульстердің өтпей толық тоқтауы. Нәтижесінде жүрекшелер мен қарыншалар тәуелсіз жиырылады. Жүрекшелер синустық түйіннен қозады, ал қарыншалар атриовентрикулалық түйіннен немесе автоматизмнің II немесе III реттік эктопиялық ошақтарынан қозады. Қарыншалардың жиырылу жиілігінен жүрекшелердің жиырылу жиілігі басым болады.



Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы жүрек ритмінің жіті бұзылысының салдарынан журек лақтырысының төмендеуі және бас миының қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауы. Нәтижесінде естен тану байқалады. Бұл синдром, жүректің тиімді жиырылу қызметінің бірден сиреуімен немесе тоқтап қалуымен көрінетін толық атриовентрикулалық блокаданың асқынуы болып табылады.

Гис будасының сол аяқшасының блокадасы - Гис будасының сол аяқшасы бойынша қозу импульстарының өткізілуінің бұзылуымен немесе толық тоқтауымен сипатталатын

аритмия. Блокада болғандықтан қозу толқыны қарыншаға жанама жолдармен енеді. ЭКГ-белгілері: V5-6 жалғамдарында R тісшесі кеңейген және кетіктелген, V1-2 жалғамдарында rS типті немесе QS кешендерінде S тісшесі кеңейген және тереңдеген.



Гис будасының оң аяқшасының блокадасы - Гис будасының оң аяқшасы бойынша қозу импульстарының өткізілуінің бұзылуымен немесе толық тоқтауымен сипатталатын аритмия. ЭКГ-белгілері: V1-2 жалғамдарында қарыншалық кешеннің түрі М-тәрізді (rSR1, немесе RSR1, немесе RsR, немесе rR1 түрлері). V5-6 жалғамдарында қарыншалық кешен qRS түрінде, және S тісшесі кеңейген.

Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы (WPW синдромы) - re-entry механизмі бойынша, қарыншалардың уақытынан ерте қозу синдромы және қарыншаүстілік тахиаритмиялар дамуы. Бұл электр импульстарының жүрекшеден қарыншаға қосымша ақаулық жолдармен өткізілуінің салдарынан дамиды (Кент будалары). ЭКГ-белгелері: PQ < 0,12 с, дельта- толқындар пайда болады, QRS кешені кеңейеді, ST аралығы және Т тісшесі QRS кешеніне дискордантты болады.




Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»


Қанайналым жеткіліксіздігі –қанайналымның организм тіндеріне қажетті қоректі заттектерді адекватты әкеле алмайтын және тіндерден заттек алмасу өнімдерін керекті деңгейде алып кете алмайтын жағдайы.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі - тыныштық жағдайда және жұмыс істеген кезде жүректің қанайналымды тұрақты ұстап тұра алмайтын жағдайы. Бұл миокардтың жиырылу қабілеті айқын төмендегенде және жүрек қақпақшаларының зақымдануларында немесе қанайналым жүйесінде ақаулықтар туындағанда байқалады.

Жүрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі – миокардтың жиырылу қабілетінің бұзылуынан және жүректің систолалық және минуттық көлемінің төмендеуінен қауырт басталып жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының үдеуімен сипатталатын клиникалық синдром. Клиникалық көріністері– жүрек демікпесі (астма), өкпенің кардиогендік ісінуі, үлкен қанайналым шеіберінде қан іркілуімен жіті өкпелік жүрек.

Жүрек (кардиальді) демікпесі (астма) тұншығумен көрінетін инспираторлық ентікпе ұстамасы. Кіші қанайналым шеңберінде іркілулердің және оларда қан қысымының көтерілуінің салдарынан дамитын солжақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі кезінде пайда болады. Морфологиялық тұрғыда жүректік астма интерстициялық ісінулерге сәйкес келеді.

Кардиогендік_өкпе_ісінуі'>Кардиогендік өкпе ісінуі (грек. kardia - жүрек + gennao – туындау) – өкпе веналарының гипертензиясының салдарынан кіші қанайналым шеңберінің микротамырларында гидростатикалық қысымның патологиялық жоғарылауының нәтижесінде
дамитын солжақ қарыншалық жедел жеткіліксіздіктің көрінісі. Плазманың альвеола кеңістігіне өтуі байқалады. Морфологиясы жағынан өкпенің кардиогендік ісінуі өкпенің альвеолалық немесе шынайы ісінуіне сәйкес келеді. Көріністері - ауыр тұншығу, цианоз, тыныс көпіршікті сырылдармен, қызғылт түске боялған қақырықпен жөтел.

Кардиогендік шок (грек. kardia - жүрек + gennao туындау + от франц. choc

- соққы, ұрғылау) қауырт солжақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы. Патогенезінің негізінде жүректің жиырылу қабілетінің бірден және жылдам төмендеуі, жүрек лақтырысының кенеттен азаюы салдарынан

дамитын тіндердің айқын жүйелік гипоперфузиясы жатыр. Басты себебі жіті миокард инфаркты кезіндегі миокардтың зақымдануы.

Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы (грек. thrombos қан ұйындысы

+ embolе - тығын, басып кіру) өкпе артерияларының немесе оның тармақтарының эмболдармен толық немесе жартылай бітелуімен сипатталатын синдром. Эмболдар әдетте жамбас және аяқ тіндеріндегі терең орналасқан веналарда түзілген тромбтардан үзіледі. Тромбоэмболдардың салдарынан өкпенің перфузиясы нашарлап, гипоксия туындайды. Оған жауап ретінде кіші қанайналым шеңберіндегі тамырлардың саңылауы тарылады, өкпе артерияларында қысым жоғарылайды және оңжақ қарыншаға жүктеме күш түседі. Массивті тромбоэмболия кезінде жіті оңжақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі дамиды.

Жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі (СЖЖ) – жүректің насостық қызметінің төмендеуіне және нейрогормональді жүйелердің созылмалы гиперактивациясына