Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 465
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
асқазанның және 12-елі ішектің қимылдық функциясының баяулауы және висцералды сезімталдықтың тым күшеюі құрайды.
Дуодено-гастралды рефлюкс (лат. refluxus – кері ағыс) – қалыпты жағдайда болмайтын, 12-елі ішектің құрамындағы массаның асқазанға қарай ретроградты лақтырысы. Дуоденогастралды рефлюкстың дамуы, ол қақпаның әлсіздігі жағдайында, созылмалы дуоденит және 12-елі ішекте қысым жоғарылағанда байқалады. Рефлюкс кезінде асқазанның және өңештің сілемейлі қабатына өт, лизолецитин және панкреатикалық ферменттер зақымдаушы әсер етеді. Егер рефлюкс ұзақ уақыт әсер етсе, рефлюкс-гастриттер, асқазанның ойықжарасы, ГЭРА дамиды.
Гастралгия (грек. gaster - асқазан + algos - ауырсыну) – асқазанның проекциясына сәйкес семсер тәрізді өсінді астының, яғни эпигастрий аймағының бүрісіп ауырсынуы. Дамуының негізінде асқазан мен ұлтабардың моторлық функциясының бұзылыстары жатыр (спазм, созылуы, асқазан бұлшықеттерінің жиырылуының күшеюі, эвакуациялық функциясының бәсеңдеуі). Асқазан ауруларында және басқа ағзалардың ауруларында да пайда болуы мүмкін.
Гастрит (грек. gaster – асқазан + -itis – қабыну дегенді білдіретін суффикс) – Helicobacter pylori-инфекцияларының немесе басқа зақымдаушы факторлардың әсерінен туындайтын, асқазанның секреторлық, моторлық және инкреторлық функцияларының бұзылыстарымен көрінетін, асқазанның сілемейлі қабатының
қабынуы. Ағымы бойынша жіті және созылмалы гастрит түрлерін ажыратады. Гастриттің кез келген түрі тек гистологиялық зерттеулерден кейін нақтыланады.
Ойықжара ауруы – созылмалы, қайталанатын ауру, оның ағымында өршу және ремиссия кезеңдері кезектесіп жүреді. Аурудың негізгі белгісі – асқазан немесе ұлтабардың қабырғасында ақаудың (жараның) пайда болуы, ол сілемейлі қабаттың беткейлік зақымдануына қарағанда (эрозия), сілемейасты қабатқа өтеді. Ойықжара ауруының патогенезінде асқазан сөлінің қышқылдылық-пептикалық агрессия факторларының күшеюі, Helicobacter pylori-инвазиясымен инфекциялануы және асқазан мен ұлтабардың сілемейлі қабатының қорғаушы механизмдерінің бұзылуы маңызды.
Helicobacter pylori (H.Р.) – грамтеріс, аэробты, шыбыртқысы бар, спираль тәрізді бактерия. Шартты-патогендік бактериялар қатарына жатады және жиі асқазанның антралды бөлігінде, сілемейлік қабаттың астындағы эпителиоциттердің беткейінде анықталады. Ұлтабарда Н.рylori асқазандық метаплазияға ұшыраған ошақтарда ғана кездеседі. Н.рylori инфекциясы созылмалы гастродуодениттер, асқазан және ұлтабардың ойықжарасы, асқазанның аденокарциномасы дамуына ықпал етеді.
Асқазан және ұлтабардың симптоматикалық ойықжарасы – ойықжара туындауын өршітетін факторлардың әсерінен дамитын ойықжаралар. Ойықжара ауруынан айырмашылығы, ойықжаралық ақау пайда болуына ықпал ететін белгілі бір этиологиялық фактордың болмауы. Патогенездік тұрғыда негізгі (басты) аурумен немесе экстремальді әсерлермен байланысы
бар. Басқа ішкі ағзалардың ауруларынан дамыған симптоматикалық ойықжаралар стрестік, дәрілік,
эндокриндік болып бөлінеді.
Демпинг-синдром (ағылш. dumping – тастау, лақтыру) – асқазанның резекциясынан кейінгі асқынулар. Патогенезінде асқазандағы қорытылмаған, концентрацияланған, құрамында көмірсулар басым тағамның ішекке жылдам эвакуациясы маңызды. Осмолярлығы жоғары тағамның жіңішке ішек бойымен пассажы жылдамдайды және қанайналым тез арада күшейеді. Вегетативті криздердің: әлсіздік, бас айналу ұстамалары, жүректің қатты соғуы, тершеңдік, диспепсия пайда болуымен сипатталады.
Пилороспазм (лат. pylorus – қақпа, пилорус + spasmus - спазм) – асқазан құрамының ұлтабарға өтуін қиындататын немесе бөгелуіне ықпал ететін пилорустық сфмнктердің патологиялық жиырылуы. Ілкі (біріншілікті) пилороспазм невроз, истерия, витамин В1 тапшылығы кездерінде дамиды. Салдарлық (екіншілікті) пилороспазм жиі асқазанның пилорустық бөлігінің ойықжараларында немесе ұлтабар ампуласының ойықжараларында пайда болады. Пилороспазм пилорус бұлшықеттерінің гипертрофиясына және уақыт өте келе пилоростенозға алып келеді.
Пилорустық стеноз (гастродуоденалды стеноз) (лат. pylorus – пилорус, қақпа + грек. stenosis - тарылу) – асқазанның пилорустық бөлігі саңылауының және/немесе ұлтабардың жоғары бөлігінің тарылуы, бұл түрлі аурулардың салдарынан дамуы мүмкін (ойықжара ауруының, өспелердің, АІЖ химиялық күйіктерінің, ішектің қабынулық ауруларының асқынулары). Бұл кезде асқазан құрамының эвакуациясы бұзылады, ол гомеостаз бұзылуына алып келеді, әсіресе су-электролит балансы және пациенттің нутриенттік (қоректік заттектер) статусы нашарлайды. Гематокриттің жоғарылауы, метаболизмдік гипохлоремиялық алкалоз, гипокалиемия, гипохлоремия, иондалған кальций мөлшерінің
азаюы, гипопротеинемия дамуымен сипатталады.
Золлингер-Эллисон синдромы – гастринемия салдарынан дамитын асқазан және ұлтабардың пептикалық ойықжарасы. Гастрин түзілуінің артуы асқазанның антралды бөлімінің G-жасушаларының гиперплазиясында (синдромның 1 түрі) немесе ұйқыбездің аралшықтық аппаратының гастрин өндіретін D-жасушаларының өспесі дамығанда (синдромның 2 түрі – гастринома) байқалады. Гастрин өндіруші өспелер APUD-жүйесінің эндокрин тәрізді жасушаларының аденомасына жатады.
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Экзокринді панкреатикалық жеткіліксіздік (грек. exo – тыс, сыртқы + krino - бөлу + лат. secretio - бөліну + pancreas – ұйқыбезі) - панкреатикалық ферменттердің өндірілуінің азаюынан немесе олардың әсерінің болмауынан мальдигестияның (асқорыту бұзылысы) мальабсорбциямен (сіңірілуінің бұзылысы) қабаттасуы. Ұйқыбезінің сыртқы секреторлық жеткіліксіздігі ілкі және салдарлық болып бөлінеді.
Ілкі (абсолютті) панкреатикалық жеткіліксіздік – бездің қызмет атқаратын паренхимасының көлемі кішіреюі салдарынан бикарбонаттар мен ферменттер өндірілуінің азаюынан дамитын ұйқыбезінің экзокринді жеткіліксіздігі. Себептері - созылмалы панкреатит, ұйқыбезінің резекциясы, жылауықтар (кисты), өспелер, жарақаттар, муковисцидоз, ұйқыбезінің туа біткен гипоплазиясы.
Салдарлық, (салыстырмалы) панкреатикалық жеткіліксіздік – бұл түрінде ферменттер қалыпты деңгейде өндіріледі, бірақ олар өз әсерін толық тигізе алмауымен сипатталатын ұйқыбезінің экзокринді жеткіліксіздігі. Себептері: түтіктердің саңылауы бітелуінен ішекке панкреатикалық сөлдің аз мөлшерде түсуі, жіңішке ішекте ферменттердің белсенділігінің бұзылуы немесе бейтараптануы, гипохолия, гипоацидті жағдайлар, энтерокиназа тапшылығы тағы басқалар.
Панкреатикалық ахилия (грек. a - жоқ, жоққа шығару + chylos - сөл) –ұлтабардың құрамындағы панкреатикалық сөлде ферменттердің болмауымен сипатталатын патологиялық жағдай. Ахилия ұйқыбезінің органикалық зақымдануларының салдарынан дамуы мүмкін және басқа ағзалардың ауруларында дамыған ахилияның сипаты функциялық болады.
Аннулярлық (сақиналық)