Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 463

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»

ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.

Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»

ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»

Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»

Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»

Тақырыбы: «Нефриттік және

Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.

Тақырыбы «Нерв жүйесінің сезімталдық және қимыл- қозғалыстық қызметінің бұзылысы. Нейропатиялардың патогенезі»

Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»

ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»

ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Оқу басылымы

Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік

жұта алмайды, саливация және көбік түзілуі көбейеді. Баланы тамақтандыру барысында қақалуы, цианоз, өзгермеген сүтті құсуы, аспирация байқалады.

Өңеш дивертикулы (лат. diverticulum жолдан ауытқу) - өңеш қабырғасының бұлтиюы, тағамның өтуінің қиындауымен сипатталады. Дивертикулда тағамның тұрып қалуы және шіруі байқалады, ал қабырғасының жұқаруы оның жарылуына, қанкетуге және көкірекортаның инфекциялануына алып келеді.

Эзофагит (лат. oesophagos – өңеш + -itis қабыну дегенді білдіретін суффикс)

түрлі себептердің салдарынан сілемейлі қабаттың қабынумен сипатталатын өңеш ауруы. Эзофагит туындауының негізгі себебіне асқазан-өңеш (гастроэзофагеальдық) рефлюксін жатқызады. Рефлюкс кезінде қышқыл- пептидтік фактордың әсерінен өңештің сілемейлі қабаты зақымданады., Рефлюкс салдарынан пайда болған эзофагит, рефлюкс-эзофагит деп аталады. Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру (ГЭРА) созылмалы, қайталанатын, гастроэзофагеалдық аумақтың моторлық-эвакуациялық функциясының бұзылуымен байланысты, өңешке асқазанның және/немесе ұлтабардың ішіндегі тағам құрамының бірденнен немесе белгілі бір ретпен қайталанатын лақтырысының салдарынан өңештің дисталды бөлімінің бүліністерімен сипатталатын ауру.

Қыжылдау (грек. pyrosis - өрт) - өңештің кардиальдi сфинктері ашық болған жағдайда асқазанның қышқыл құрамының антиперистальтикалық толқынмен өңешке түскен кезде өңештiң төменгi бөлiгiнде күйдіру сезiмiнің пайда болуы. В возникновении играет роль повышенная кислотность желудочного сока и повышенная чувствительность пищевода к желудочному соку.

Одинофагия (грек. odyno – ауырсыну + phagein – жұтыну) - өңеш бойымен
тағам өткенде ауырсыну сезімінің пайда болуы. Дамуының негізінде өңеш перистальтикасының бұзылуына ықпал ететін өңештің гипермоторлық дискинезиясы және сілемейлі қабатының эрозиялы-ойық жаралық

зақымдануы жатыр. Одинофагия жиі дисфагиямен қабаттасады және ГЭРА- мен ауыратын науқастардың шамамен 20%-ында кездеседі.

Баррет өңеші ГЭРА-мен ауыратын науқастарда пайда болатын және созылмалы түрде өңешке тұз қышқылымен өттің түсуінен дамитын факультативті обыралдылық жағдай. Өңештің дисталды бөлігіндегі қалыпты көпқабатты жалпақ эпителидің, жіңішке ішектің бірқабатты цилиндрлік (бездік) эпителиімен орын басуымен сипатталады.

Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы (грыжасы) (лат. hеrnia - жарық) – созылмалы қайталанбалы ауру, қалыпты жағдайда диафрагма астында орналасатын анатомиялық құрылымдардың диафрагманың кеңейген өңештік тесігі арқылы кеуде қуысына ығысуы өңештің абдоминальді бөлігі, асқазанның кардиальді бөлігі, ішектің ілмегі. Сонымен қатар, өңеш пен асқазанның бекуін қамтамас ететін байламдардың созылуы байқалады. Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы әдетте ГЭРА-мен қабаттасады.

Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»


Протондық помпа ++-АТФаза) (грек. protos - бірінші) - асқазанның сілемейлі қабатындағы іргелік жасушаларда болатын фермент және тұз қышқылы өндірілуінде басты рөл атқарады. Помпа электрохимиялық градиентке қарсы іргелік жасушалардың цитоплазмасынан асқазан қуысына сутек иондарын тасымалдайды. Ал калий иондарын іргелік жасушаларға тасымалдайды. Асқазан қуысына бір мезетте сутекпен бірге хлор аниондары өтеді.

Гиперсекреция (грек. hyper – жоғары, көп + secretio - бөліну) – асқазанның секрециялық функциясының бұзылуы, асқазан сөлі мөлшерінің көбеюімен сипатталады (қалыпты жағдайда тәулігіне 2-3 л). Гиперсекреция әдетте қышқылдықтың жоғарылауымен қабаттасады (гиперацидтік), ол париеталық жасушалардың тұз қышқылын көптеп өндіруіне байланысты (гиперхлоргидрия). 12-елі ішектің ойық жарасында, гиперацидті гастриттерде, пилоростеноздарда, алкоголь және дәрілік препараттардың әсерінен байқалады (кортизон, салицилаттар, бутадион).

Гипосекреция (грек. hypo төмен, аз + secretio - бөліну) - асқазанның секрециялық функциясының бұзылуы, асқазан секрециясының төмендеуімен сипатталады. Гипосекреция әдетте қышқылдықтың азаюымен қабаттасады (гипоацидтік), асқазан сөлінде бос тұз қышқылы мүлдем болмауы мүмкін (ахлоргидрия). Жіті және созылмалы анацидті гастриттерде, асқазан өспелерінде, организм сусызданғанда байқалуы мүмкін.

Асқазандық ахилия (грек. a – жоқ, жоққа шығару + chylos – сөл) – асқазан бездерінің тұз
қышқылы мен ферменттерді бөлуге қабілеттігін жоғалтуы. Функциялық ахилия асқазанның секрециялық қызметі жүйкелік-рефлекстік тежелуімен байланысты, асқазанның сілемейлі қабаты өзгермеген, байқалатын ахилия қысқа мерзімді, уақытша болады. Органикалық ахилия асқазанның сілемейлі қабатының атрофиясы нәтижесінде дамиды және тұз

қышқылы мен ферменттерді бөлетін жасушалардың қайтымсыз бұзылуына алып келеді.

Гетерохилия (грек. hetero басқа + chylos сөл) функциялық ахилияның бір түрі. Әртүрлi уақытта берiлетiн бiр тiтiркендiргiшке асқазан сөлiнiң түрліше бөлiнуi. Гетерохилия асқазанның секреторлық аппаратының дезорганизациясының көрінісі.

Асқазандық дисритмиялар (грек. dys бұзылыс + лат rhythmus - үйлесімділік, такт) - асқазан перистальтикасының бұзылуы, ол жоғары толқынды (тахигастрия) және төмен толқынды (брадигастрия) жиілікпен сипатталады. Асқазан ішіндегі құрамның эвакуациясының баяулауы, антродуоденальды үйлесімнің бұзылысы, дуодено-гастральдық рефлюкс дамуы байқалады. Асқазандық дисритмиялар жиі ГЭРА, жүктілік кезіндегі жүрегі айну, функциялық диспепсия кездерінде дамиды.

Антродуоденалық координация (лат. antrum үңгір + duodenum 12-елі ішек) қалыпты эвакуаторлық қызметтің көрсеткіші, асқазан және 12-елі ішектің үйлесімді жұмысымен сипатталады. Координацияның негізінде асқазанның антральді бөлігі жиырылғанда пилорустың синхронды босаңсуы жатыр. Антродуоденалық координация бұзылғанда анорексия, жүрек айнуы, құсу, іштің ісінуі және ауырсынуы, диарея немесе іш қату байқалуы мүмкін.
Кекіру (грек. eructation - шығу) кенеттен ауыз қуысына газдардың, асқазандағы немесе өңештегi тағам құрамның аз мөлшерінің түсуi. Жиі белгілі дыбыспен және иіспен шығады. Әдетте адамдар тамақтан кейін кекіреді. Кекірудің пайда болуы асқазандағы газды қуықтың көлеміне және кардиялық сфинктердің әлсіздігіне байланысты.

Жүрек айнуы (грек. naus кеме) құсу орталығының аумағындағы ретикулалық формация нейрондарының қозымдылығы едәуір өскен жағдайда қалыптасатын жағымсыз сезім. Жүрек айнуы кезінде асқазанның тонусы төмендецді, ал 12-елі ішектің және ашішектің проксималды бөліктерінің тонусы жоғарылайды. Нәтижесінде дуоденогастральдық рефлюкс пайда болады. Жүрек айнуы, әдетте, құсудың алдында байқалады. Сiлекейдiң ағуымен, дем алудың жиiленуiмен, жүрек соғуының жылдамдауымен қабаттасады.

Құсу (лат. vomitus – құсу) – асқазандағы және жіңішке ішектегі құрамның ауыз арқылы сыртқа шығарылуын қамтитын күрделі рефлекторлық акт. Құсу рефлексінің афферентті жолы кезбе нервтің сезімтал талшықтары арқылы IV қарынша түбінің төменгі бөлігінде орналасқан құсу орталығына жетеді. Эфферентті жолдарына диафрагмалық нервтер (диафрагмаға), жұлын нервтері (құрсақ бұлшықеттеріне), висцералық эфферентті нервтер (асқазанға және өңешке), жатады.

Функциялық диспепсия гастродуоденалық аймақтың функциялық патологиясына жататын, орның қимылдық функциясының ілкі бұзылысымен сипатталатын симптомдар жиынтығы. Эпигастрий аумағында ауырсыну немесе қыжылдау сезімі, ерте тойыну, тамақтанудан