Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 475

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»

ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.

Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»

ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»

Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»

Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»

Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»

Тақырыбы: «Нефриттік және

Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»

ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.

Тақырыбы «Нерв жүйесінің сезімталдық және қимыл- қозғалыстық қызметінің бұзылысы. Нейропатиялардың патогенезі»

Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»

Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»

ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»

ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»

Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Оқу басылымы

Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік

энтеропатогендік вирустар, өт қышқылдары, секретин, вазоактивті интестинальдық пептид, секреторлық ішайдатқылар. Нәжіс жиі, мол көлемді (1литрден көп), сулы болады. Секрециялық диарея кезінде ішек ішіндегі құрамның осмолярлық қысымы қан плазмасындағы осмолярлық қысымнан айтарлықтай төмен болады.

Осмолярлық диарея (грек. osmos – соққы, қысым) – химустың осмостық қысымы өсуінен дамиды. Дисахаридазалық жеткіліксіздік, сіңірілудің бұзылуы синдромы кездерінде, тұзды ішайдатқыларды, магний және фосфор иондарынан тұратын антацидтерді қабылдағанда байқалады. Нәжіс мол көлемді (полифекалия) және құрамы қорытылмаған ас қалдықтарынан тұрады (стеаторея, креаторея). Нәжістің осмостық қысымы қан плазмасындағы осмостық қысымнан жоғары болады.

Гиперкинездік және гипокинездік диарея (грек. hyper жоғары, көп, hypo

  • төмен, аз + kinesis - қимыл) – ішек ішіндегі құрамның тасымалдануының бұзылуымен сипатталатын диареяның түрі. Химус транзиті жылдамдығының жоғарылауы тітіркенген ішек синдромы, функциялық диарея, демпинг-синдром кездерінде байқалады. Транзиттік жылдамдықтың баяулауы склеродермия, диабеттік энтеропатия кездерінде байқалады. Нәжіс

  • сұйық немесе ботқа тәрізді, көп көлемді емес. Ішек ішіндегі құрамның осмолярлық қысымы шамамен қан плазмасындағы осмолярлық қысымға сәйкес келеді.

Экссудациялық диарея (лат. exsudare сыртқа шығарылу) ішек эпителиінің қабынбалық өзгерістерінде және нәруыз жоғалтуымен жүретін энтеропатияларда пайда болатын диареяның түрі. Ойықжаралы колит, Крон ауруы, ішек туберкулезі, сальмонеллез, дизентериялар және басқа жіті ішек инфекцияларында байқалады. Нәжіс
сұйық, көп емес, жиі қан, ірің қосылуымен болады. Нәжістің осмостық қысымы әдетте қан плазмасының осмостық қысымынан жоғары болады.

Тенезмдер (грек. teinesmоs - күшеніс) – нәжіс шығарғысы (ішек босатқысы) келетін жалған сезім, бұл ауырсынумен және еріксіз күшенумен қабаттасады. Тенезмдер кезінде сілемей мен қан аз мөлшерде бөлінуі мүмкін. Тенезмдер проктиттер, тікішектің өспелері, геморрой немесе тітіркенген ішек синдромы, анустың сілемейлі қабатының жарылуы кездерінде байқалады.

Мальабсорбция синдромы (лат. malus - нашар + absorptio - сіңірілу) - жіңішке ішекте бір немесе бірнеше қоректі заттектердің сіңірілуінің бұзылуымен сипатталатын синдром. Бұл жіңішке ішектің асқорыту- тасымалдау функциясының жағдайын бейнелейді, сондықтан осы синдром

дамығанда қуыстық және мембраналық (қабырғалық) асқорыту бұзылыстары байқалады. Негізгі көріністері: диарея, стеаторея, салмағының азаюы, анемия, дәрумендер жеткіліксіздігінің белгілері. Балаларда жиі кездесетін түрлері - дисахаридаздық жеткіліксіздік (лактоза жақпаушылық, көтере алмаушылық ) және целиакия (глютенді көтере алмаушылық).

Лактазалық жеткіліксіздік (лат. lac - сүт) сүттік қанттың лактозаға дейін гидролизденуіне жауапты болып саналатын, жіңішке ішектің лактаза ферментінің белсенділігінің төмендеуінен дамитын туа біткен немесе жүре пайда болған жағдай. Ыдырамаған лактозаның жуанішекке түсуі оның анаэробты флорамен сүт қышқылына, көмірқышқыл газына, суға, май қышқылдарына, метан және сутекке дейін утилизациялануымен қабаттасады.

Көріністері: осмостық диарея, нәжістің рН-ы қышқыл, метеоризм, ішектің дисбиозы.

Целиакия (глютендік ауру) (грек. koilikos – ішектік) – глютен жақпауымен (сіңірілмеуі), айқындылығы әртүрлі деңгейдегі мальабсорбция синдромы дамуымен сипатталатын, созылмалы генетикалық детерминделген ауру. Жіңішке ішектің сілемейлі қабатының атрофиясы және ұңғылдарының (крипталары), гиперплазиясы тән. Нәжіс мол, сұйық, шіріген иіспен, түсі ашық-сары.

Ішек дисбиозы (лат. dis - бұзылу + bios - тіршілік) ішектің қалыпты микрофлорасының құрамы мен сандық қатынастырының өзгерістерінен туындайтын клиникалық-лабораториялық синдром. Ішекте қалыпты жағдайда болатын микроорганизмдердің азаюы немесе мүлдем жойылуы байқалады. Сонымен қатар, сирек кездесетін атипиялық немесе тән емес микроорганизмдердің басым болуымен сипатталады. Негізгі көріністері - диарея (сирек іш қату), метеоризм, құрсақ қуысының ауырсынуы, кейбір тағамдарды сіңіре алмау, аллергиялық реакциялар.

Ойықжаралы колит (грек. kolon - жуанішек + -itis – қабынуды білдіретін суффикс) – тікішектен басталып, жуанішектің сілемейлі қабық астының және сілемейлі қабығының ұзаққа созылған қабынуына алып келетін созылмалы ауру. Бұл қабыну жіңішке ішектің патологиялық процеске ілікпеуімен және гранулемалардың түзілмеуімен сипатталады. Көріністері: созылмалы, түнде де болатын диарея, абдоминальді ауырсынулар, нәжісте қанның болуы, жүйелік және ішектен тыс әйгіленімдердің болуы.

Крон ауруы асқазан-iшек жолдарының ауыз қуысынан бастап, барлық бөлімдерін зақымдайтын созылмалы, көп жүйелік, иммунды тіркескен гранулематозды қабынулық ауруы. Мықынішектің терминальді бөлігі және
жуанішектің бастапқы бөлігі басым зақымданады. Тікішектің патологиялық процеске ілігуі сирек кездеседі. Көріністері: абдоминальдік ауырсынулар, салмақ жоғалту, созылмалы диарея.

Меккель Дивертикулы (diverticulum – басқа жол) – мықынішектің төменгі бөлігінің қалта тәрізді патологиялық томпаюымен сипатталатын жіңішке ішектің туа біткен ақауы. Эмбриондық кезеңде сарыуыздық түтіктің бітелуі бұзылғанда (кіндікпен ішек арасындағы өзектің бітелмеуі), яғни

облитерацияланбаған проксималды бөлігінің қалып қоюы. Асқынулары: қанкету, қабыну, перфорация, өспелер, ішек түйілуі.

Ішек түйнелісі (бітелісі) (грек. ileus – құлыптаймын, жабамын) – жіңішке немесе жуанішек функциясының бүлінуінен немесе механикалық бітелістердің салдарынан ішек қуысы арқылы тағамдық заттардың тікішекке қарай жылжуының бұзылуы. Даму механизмі бойынша келесі түрлерін ажыратады: 1) ішектің механикалық бітелісі, ол морфологиялық сипаты бойынша обтурациялық және/немесе странгуляциялық болып бөлінеді; 2) ішектің динамиялық бітелісі, ол морфологиялық сипаты бойынша паралитичтік және спазмдық болып бөлінеді.

Мекониалық илеус (грек. mekonion – көкнар шырыны, алғашқы нәжіс + ileus - құлыптаймын, жабамын) - аномальді қоймалжың меконийдің ішек қуысы арқылы шығарылуының бұзылуынан мықынішектің терминальді бөлігінде обтурациялық бітеліс дамуымен сипатталатын муковисцидоздың клиникалық түрлерінің бірі. Дамуын тұқым қуалайтын ферментопатиялармен байланыстырады. Көріністері: меконийдің шықпауы, фекалий және өт аралас құсулар, іштің кебуі, интоксикациялық синдром және эксикоз.

Жабыспалы (спаечная) ауру патологиялық процестің таралу аумағын
шектеуге бағытталған организмнің қорғаныстық реакциясы ретінде дамитын құрсақ қуысында дәнекер тіндік жіпшелердің (жолақтардың) пайда болуымен сипатталатын ауру. Жабыспалы процесс дамуының негізінде ішперденің тітіркенуі жатыр. Кіші жамбас қуысында жабыспалардың пайда болуына ықпал ететін факторларға: құрсақ қуысындағы және кіші жамбас қуысындағы ағзаларға операция жасалуы, жатыр қосалқыларының қабынулық аурулары, құрсақ қуысының механикалық зақымданулары, жіті аппендицит жатады.