ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 728
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Сабақ 2 Жасушаның генетикалық аппараты
Сабақ 3 . Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:
Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы. Мейоз анықтамасы және
Митоз және мейоздың медициналық маңызы.
2 сурет. Көз бұршағының индукциясы.
Онтогенездің жасушалық механизмдерi.
Даму ақауларының сызбасы ДТБА жіктелуі:
Сабақ 5 АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Аутосомды-доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:
Аутосомды-рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:
Х-хромосомамен тіркес доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:
Х-хромосомамен тіркес рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:
Голандриялық немесе У-хромосомамен тіркес тұқым қуалауға тән белгілер:
Митохондриялық тұқым қуалауға тән белгілер:
Белгілердің тіркес тұқым қуалауы.
Сызба – 2. Талдаушышағылыстыру №1.
Сызба – 3. Талдаушы шағылыстыру № 2
Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі
РНҚ –ның өмір сүруге қабілеттілігі:
Эукариоттардың генінің молеклалық құрылымы(схема түрінде)
Ген, классификациясы және функциясы
Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:
Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы
Сабақ 9 Ақпараттық дидактикалық блок
Репликацияның негізгі ферменттері:
Прокариотгендерініңактивтілігініңреттелуі:
Эукариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі
Гендерактивтілігініңгеномдықдеңгейде(ДНҚ)реттелуі
Эукариоттардың ДНҚ фракцияларының сипаттамалары
Кейбіргендердіңконститутивтік(тұрақты)экспрессиясы
Гендер активтілігінің транскрипциялық деңгейде реттелуі
бақылайды. "Молшылық" гендердің "үй шаруасындағы" гендерден айырмашылығы ағзаның қатаң бақылауында болады және күрделі аппаратты реттеуге қатысады.
Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:
-
Структуралық гендер-құрылымдық белоктар немесе ферменттердің синтезін бақылайтын гендер. -
Реттеуші гендері-структуралық гендердің белсенділігіне әсер ететін әр түрлі белоктардың синтезін бақылайтын гендер.
– структуралық гендердің белсенділігін басып тастайтын эпистаздық гендер Реттеуші гендер ӛз алдына былай бӛлінеді:
-
Модулятор гендер – структуралық гендердің белсенділігін жоғарылатып немесе тӛмендететін гендер -
Супрессор гендер
Модуляторлық гендер структуралық гендердің белсенділігін жоғарылатып немесе тӛмендете отырып белсенділігін ӛзгертеді. Осы гендер белгінің даму үрдісінде әр түрлі бағытта немесе басқа да генетикалық тұрғыда әсерін кӛрсетеді. Мысалы құрылымдық гендердің жиі мутацияға ұшырауында.
Басқа модуляторлық гендер әлбетте қандайда бір гентикалық қызметтерді тӛмендетеді. Мұндай гендер эволюцияда үлкен маңызы бар. Кӛптеген құрылымдық гендерге плейотропты әсердің
болуы ағзалардың қалыпты дамуы үшін қажет, әсердің тӛмен болуы даралардың тіршілік қабілетін тӛмендетеді. Модуляторлық гендер олардың жағымсыз әсерін әлсіретеді.
Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
-
Летальды гендер, ағзаны ӛлімге душар ететін гендер -
Сублетальды гендер – ағзаның кӛбеюі ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына, тіршілік әрекеттерінің тӛмендеуіне не жойылуына себеп болатын гендер -
Нейтральды гендер немесе бейтарап гендер ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендер ДНҚ-ның құрамында едәуір ұзындықты алып жатқан қайталанып орналасқан нуклеотидтік
жүйелер болады. Ол учаскелерде нуклеотидтердің ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған кӛшірмелері кездеседі. Бұл кӛшірмелердің қызметі әлі толық анықталмаған.
Кластерлі гендер- бұл әртүрлі гендер тобының қызметіне байланысты, хромосомалардың белгілі бір бӛлігінде орналасқан. Құрылымдық гендердің ерекшелігі оперонның құрамына кіреді, оны кластерлі гендер деп атайды, бір (жеке) полицистронды а-РНҚ қалыптасып, жалпы қызметтер орындалу барысында ақуыз ӛнімдері түзіледі. Бірнеше қатар жақын орналасқан құрылымдық
гендерді кластерлі гендер деп сипатталады, осы барлық гендерден а-РНҚ түзіліп жалпы бір қызметтің орындалуын бақылайды.
Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы
Адам ағзасының тіршілігі мен оның денсаулығының қалыпты немесе патологиялық жағдайлары ДНҚ-ның құрылысы мен қызмет атқаруына байланысты.
Геномдағы құрылымдық гендердің және ДНҚ-ның басқа да реттеуші жүйелерінің жұмысын, механизмдерін егжей-тегжейлі білу, олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттеудің үлкен мәні бар. Ӛйткені мұндай зерттеулер адам ағзасының қалыпты тіршілік процестерін қамтамасыз ететін метаболизмдік әрекеттерді анықтауға, адамның түрлі ауруларының
патогенезін ашуға, оларды диагностикалау, емдеу және алдын-алуға зор мүмкіндік береді.
Геномдық зерттеулердің қолданылуы:
Соттық медициналық және қылмыстық экспертизада (сараптауда) мына мақсаттарда:
а) ДНҚ-ны талдау арқылы қылмыскерлерді, күдіктілерді, қылмыстың және апаттың құрбандарын идентификациялау;
ә)биологиялық туыстықты (әкелікті) анықтау, дәлеледеу.
Табиғатты қорғау шараларында:
а) Табиғатта сирек кездесетін және жойылу сатысындағы ағза түрлерін идентификациялау және сақтау;
ә) қоршаған ортаны ластайтын, бактеряларды және басқа микро ағзаларды табу;
Трансплантологияда генотиптері бойынша бір-біріне сәйкес келетін донорлармен реципиенттерді таңдап алу.
Тамақ ӛнеркәсібінде тағамдық ӛнімдердің жасанды емес, табиғи түрі екендігін анықтау, мысалы, шарап, балық уылдырығының ӛнімдерін даярлауда т. б.
Сабақ 9 Ақпараттық дидактикалық блок
Тұқым қуалау ақпаратының тасмалдануы молекулалық биологияның орталық догмасы деп аталады. Ол Ф. Криктің көзқарасына сай іске асырылатындықтанда оны Крик постулаты деп те атайды.
Крик тұқым қуалау ақпаратының биологиялық жүйеде іске асырылу бағытын және берілу типтерін анықтады.
Крик постулаты бойынша тірі жүйедегі тұқым қуалау ақпараты тек бір бағытта беріледі: нуклеинқышқылдарынан ақуызға, кері бағытта ешқашанда берілмейді (тыйым салынған).
Тұқым қуалау ақпаратының берілуінің 2 типін ажыратады:
-
жалпыға бірдей берілуі, кез-келген жасушада өтеді; -
арнайы берілуі, вирустармен зақымданған жасушаларда жүреді. Ақпараттың жалпыға бірдей берілу жолы:
-
ДНҚ → ДНҚ(репликация). -
ДНҚ→ а-РНҚ (транскрипция). -
а-РНҚ → ақуыз (трансляция). Арнайы берілуі:
-
РНҚ → РНҚ(репликация РНҚ). -
РНҚ→ ДНҚ (кері транскрипция). -
ДНҚ → ақуыз (трансляция ДНҚ).
Вирустардың генетикалық материалы РНҚ. Оларға темекі теңбілінің мозаикалық вирустары (ТТМВ), басқа да өсімдіктердің вирустары, РНҚ – бактериофагтар, жануарлардың кейбір вирустары, мысалы, полиовирустар жатады.
Вирустардың геномдық РНҚ-сы бір немесе екі тізбекті болуы мүмкін және міндетті түрде матрицалық РНҚ-дан комплементарлы РНҚ молекуласының түзілуін бақылайтын РНК – репликаза ферментінің гендері болады.
Жаңа синтезделген РНҚ молекулалары қайта синтезделетін РНҚ көшірмелеріне қалып (матрица) болады.Ақпараттың РНҚ-дан ДНҚ берілуі тек вирустардың белгі бір түрімен зақымдалған жасушаларда ғана болады. Оларға ретровирус, гепатит В вирутары және т.б. жатады.
Ретровирустартардың зақымдалған бөлігінде кері транскриптаза ферменті болады, ол фермент ДНҚ-ң қомплементарлы тізбегін синтездеу үшін бір тізбекті вирустық РНҚ-ын қалып ретінде пайдаланады. Вирустық РНҚ тізбегіндегі ақпаратты бар ДНҚ кері транскриптаза ферментінің көмегімен еселеніп қос спиральды ДНҚ молекуласын түзеді. Бұл қос тізбекті ДНҚ егесінің хромосомасының ДНҚ-на еніп провирусқа айналады. Мұндай жасушалар, мысалы, тауық эмбрионының жасушаларың ДНҚ молекуласының құрамындағы вирустық ДНҚ көшірмесі (провирус) ісік жасушаларына трансформацияланады.
Ақпараттың тікелей ДНҚ-дан ақуызға берілуі тек лабораториялық жағдайда, жасушаға кейбір антибиотиктермен (стрептомицин, неомицин) әсер ету in vitro экспериментінде байқалады. Бұл кезде антибиотиктер әсерінен өзгеріске ұшыраған рибосомалар ДНҚ тізбегінің біреуін ақуыз синтезіне қалып ретінде пайдалана бастайды. Табиғатта (табиғи жағдайда) ақпараттың арнайы берілу типі сипатталмаған.
Ақпараттың ақуыздан ДНҚ-ға немесе РНҚ-ға берілу болмайды және тыйым салынған түріне жатады.
Репликация
Генетикалық ақпараттың ДНҚ-дан ДНҚ-ға берілуін репликация