Файл: Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 753

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Гиалоплазма қызметтері

Митохондрия қызметі:

ЭР қызметі:

Жасуша ядросының қызметі:

Сабақ 2 Жасушаның генетикалық аппараты

Ақпаратты-дидактикалық блок:

Сабақ 3 . Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:

Амитоз, эндомитоз, политения

Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы. Мейоз анықтамасы және

Гаметогенез

Ер адамдардағы мейоз

Әйел адамдардағы мейоз

Митоз және мейоздың медициналық маңызы.

Онтогенездің ерте сатысы

Эмбриональдық кезең

2 сурет. Көз бұршағының индукциясы.

Онтогенездің жасушалық механизмдерi.

Даму ақауларының сызбасы ДТБА жіктелуі:

Сабақ 5 АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Аутосомды-доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:

Аутосомды-рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:

Х-хромосомамен тіркес доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:

Х-хромосомамен тіркес рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:

Голандриялық немесе У-хромосомамен тіркес тұқым қуалауға тән белгілер:

Митохондриялық тұқым қуалауға тән белгілер:

Белгілердің тіркес тұқым қуалауы.

Сызба – 2. Талдаушышағылыстыру №1.

Сызба – 3. Талдаушы шағылыстыру № 2

Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі

Уотсон-Крик ұсынған модель:

РНҚ –ның өмір сүруге қабілеттілігі:

Геннің цистрондық құрылымы.

Эукариоттардың генінің молеклалық құрылымы(схема түрінде)

Геннің кодтаушы учаскесі

Геннің қасиеттері

Ген, классификациясы және функциясы

Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:

Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:

Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы

Сабақ 9 Ақпараттық дидактикалық блок

Репликацияның негізгі ферменттері:

Альтернативтіксплайсинг

Прокариотгендерініңактивтілігініңреттелуі:

Позитивтікбақылау

Репрессибельдікжүйелер

Трансляциялықбақылау

Посттрансляциялықбақылау

Эукариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі

Гендерактивтілігініңгеномдықдеңгейде(ДНҚ)реттелуі

Эукариоттардың ДНҚ фракцияларының сипаттамалары

Кейбіргендердіңконститутивтік(тұрақты)экспрессиясы

Гендер активтілігінің транскрипциялық деңгейде реттелуі

Посттранскрипциялықбақылау

Трансляциялықбақылау

Белоктардыңпосттрансляциялықмодификациялары

Гендерактивтілігініңгормональдықреттелуі















Сабақ 3 . Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Жасушалық цикл, митоздық цикл, анықтамасы, кезеңдері.Сипаттамасы.

Жасушаның бөлінуі - барлық тірі ағзалардың көбеюін және жеке дамуды қамтамасыз ететін биологиялық үдеріс. Жасушаның бөлінуі мүшелердің өсуін, зақымдалған ұлпалардың регенерациясын және көбеюді қамтамасыз етеді. Жасушаның бөлінуі және көбеюі жасушалардың пролиферациясы деп аталады. Трансформацияланбаған қалыпты жасушалардың бөліну мүмкіндігі шектеулі.

Көп жасушалы ағзалардың жеке дамуының алғашқы сатысында екі түрлі бағыттағы жасушалар қалыптасады:

а) жыныс жасушалары, ағзалардың ұрпақ қалдыру қабілетін іске асырады. Олар мейоз жолымен көбейіп жетіледі;

ә) сомалық жасушалар, тірі ағзалардың тіршілігін қамтамасыз ететін ұлпалар мен мүшелердің дамуын қамтамасыз етеді. Олардың бөлінуі мен көбеюі митоз жолымен жүреді.

Жасушалық (тіршілік) цикл – бұл бастапқы жасушаның бөлінуінен пайда болған жасушаның қайта бөлінуіге түсу немесе өлуіне дейінгі тіршілік ету кезеңі.

Маманданбаған бағаналы жасушалардың митоздық циклы тіршілік циклына сәйкес келеді. Бағаналы немесе камби жасушалары (эпители, қан жасушалары), басқа да жасушаларға бастама береді, үнемі бөлініп отыратындықтанда олардың тіршілік циклын митоздық цикл деп қарастыруға да болады. Ағзаның барлық жасушалары жасушалық циклдың қандайда бір кезеңінде болады.

Жасушалық цикл кезеңдері:


  • митоздық цикл;

  • жасушалардың жіктелуі, арнайы қызмет атқару кезеңі;

  • қартаю және жасушаның жойылуы (өлімі).

Тіршілік циклының кезеңдерінің ұзақтығы жасушаның типтеріне байланысты әртүрлі болады. Үнемі жаңарып отыратын көптеген ұлпалар, мысалы, сүйектің қызыл кемігі, ішек эпителиі (80 % дейін) үнемі бөлініп отырады, митоздық циклда болады. Жасушалар бір тәулік ішінде әртүрлі уақыт аралығында бөлініп отырады, мысалы, тері жасушалары түнге қарай қарқынды бөлінетіндіктен де терідегі жараның жазылуын жылдамдататы

дәрілік майды немесе тері ауруына тағайындалған тері майын кешке қарай жағу ұсынылады.

Сүтқоректілердің көптеген жасушалары жасушалық циклдың G0 деп

аталатын ерекше сатысында яғни жасушалардың жіктелу (дифференсация) сатысында болады. G1сатысынан кейін жасушаның бөлінуін іске қосатын гендер өшіріліп , керісінше G0 сатысы басталып жасушаның

дифференсациясын қамтамасыз ететін гендер іске қосылады. Нейрон және кардиомиоциттер үнемі G 0 сатысында болады, ол жасушалардың бөліну тоқтайды және қайта жаңармайды. Бауыр жасушалары G 0 сатысында

болады, зақымданған жағдайда мүше қайта G1 сатысына енеді де жасушалық цикл жалғасады (5-10 % -ы тоқтаусыз бөлінеді).

ДНҚ репликациясынан кейін прокариот жасушалары теңдей екі бөлікке бөлінеді. Эукариоттардың ядросының құрылысының күрделілігіне байланысты жасушаларға генетикалық материалдың теңдей бөлінуі ерекше механизм арқылы іске асырылады. Эукариот жасушаларының бөлінуі екі сатыдан тұрады: кариокинез (ядроның) және цитокинез (цитоплазманың бөлінуі). Кариокинездің екі типі бар: митоз және мейоз. Ядроның бөлінуінен соң бірден жасушаның бөлінуі жүретіндіктен де бұл үдерісті тек жасушаның бөлінуі деп қана қарастырады.

Митоздық (пролиферациялық) цикл

- жасушаның бөлінуге даярлануы, бөлінуі кезеңдерінде жасушаның құрылысы мен қызметінің және генетикалық материалдың құрылымдарының қайта түзелуі сатылы түрде өтетін, бір бірімен тығыз байланыста жүретін үдерістердің жиынтығы. Бұл цикл келесі кезеңдерден тұрады:

а) митоз М;

б) постмитоздық (пресинтездік) кезең – G1; в) синтездік кезең S;

г) постсинтездік (премитоздық) кезең G2.

Митоздық цикл кезеңдерінің сызбасы, сурет 1:



Сурет 1. Жасушаның митоздық циклы
  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:


  • жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ репликациясына дайындық;

  • митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады;

  • цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді;

  • РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады, көлемі ұлғаяды;

  • екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі);

  • жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты (2с).
  1. Синтездік кезең S:


  • ядрода комплементарлы ұстаным бойынша ДНҚ (өздігінен еселену) редупликациясы жүреді;

  • ДНҚ еселенуімен қатар цитоплазмда параллельді түрде рибосомаларда ерекше гистонды ақуыздар синтезделеді де ядроға өтіп ДНҚ-мен байланысады;

Кезеңнің соңына қарай хроматид саны мен ондағы ДНҚ мөлшері тетраплоидты болады (2п, 4с).
  1. Постсинтездік кезең G2:


  • жасуша бөлінуге даярланады;

  • жасушаның митоздық бөліну үдерісіне қажетті құрылымдар қалыптасып, арнайы ақуыздар синтезделеді.

Жасушаның генетикалық материалы, хромосомалардың қосарланған жиынтығындағы әрбір (гомологты) хромосомалар жұбында 4 ДНҚ

молекуласы – (2n4с) болады. Постсинтездік кезеңі G2 аяқталысымен жасуша митозға түседі.
  1. Митоз анықтамасы және фазалары. Сипаттамасы. Амитоз, эндомитоз, политения .

Митоз (греч. mitos — жіп) ядро мен цитоплазманың күрделі морфологиялық өзгерісімен жүретін тікелей емес бөліну түрі. Митоз кезінде хроматидтердің
бір-бірінен ажырауы және екі жас жасушалар арасында генетикалық материалдың теңдей бөлінуі жүретін ядроның бөліну үдерісі. Сондай бөліну нәтижесінде пайда болған жасушалардағы хромосомалар жиынтығының саны мен сапасы бастапқы жасушамен бірдей болады. Митоз ретімен ауысып отыратын төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза (сурет.2).

Профаза - хромосомалар ширатылып, жуандап, қысқарады. Әрбір хромосома хроматидтер деп аталатын екі жіпшеден тұрады. Хроматидтер бір нүктеде центромерамен байланысып тұрады. Ядрошыктар жойылып, ядро қабығы еріп кетеді.

Цитоплазмада да ядродағы өзгерістерге ұқсас үдерістер жүреді: эндоплазмалық тор және Гольджи аппараты да көпіршіктерге (везикулалар) өтеді. Жасуша орталығы центриольдер жасушаның полюстеріне ажырап,

олардың микротүтікшелерінен ахроматин жіпшелері пайда болып, бөліну ұршығы қалыптасады.

Метафаза – толық конденсацияланған хромосомалар экватор жазықтығында орналасады (метафазалық пластинка). Бөліну ұршығының микротүтікшелері хромосомалардың кинетохораларымен байланысады.

Кинетохорлар - анафаза кезінде хромосомалардың ажырауын қамтамасыз ететін, центромераның бетінде түзілетін ақуыздар

Анафаза - әр хромосомадағы хроматидтер толық ажырап, екі жақ полюске қарай бағытталып бөліну ұршығының жіпшелерімен полюстерге тартыла бастайды. Полюстерге жеткенде екі бірдей толық хромосомалар жиынтығын құрайды.

Телофаза – бөліну ұршығы жойылады. Әрбір бөлінген хроматидтер яғни жас хромосомалар топтары ядро қабықшасымен қоршалады, мембрана пайда болады. Хромосомалар деспиральданады. Ядрошықтар қайта түзіледі.

Жасушаның бөліну үрдісінің соңына қарай, хромосомалар жас жасушаларға бөлініп, әрбір жасушада бастапқы жасушаның генетикалық ақпаратына сай ядроның қайта қалыптасуынан бастап жасушалар арасында цитоплазманың