Файл: Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 732

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Гиалоплазма қызметтері

Митохондрия қызметі:

ЭР қызметі:

Жасуша ядросының қызметі:

Сабақ 2 Жасушаның генетикалық аппараты

Ақпаратты-дидактикалық блок:

Сабақ 3 . Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:

Амитоз, эндомитоз, политения

Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы. Мейоз анықтамасы және

Гаметогенез

Ер адамдардағы мейоз

Әйел адамдардағы мейоз

Митоз және мейоздың медициналық маңызы.

Онтогенездің ерте сатысы

Эмбриональдық кезең

2 сурет. Көз бұршағының индукциясы.

Онтогенездің жасушалық механизмдерi.

Даму ақауларының сызбасы ДТБА жіктелуі:

Сабақ 5 АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Аутосомды-доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:

Аутосомды-рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:

Х-хромосомамен тіркес доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:

Х-хромосомамен тіркес рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:

Голандриялық немесе У-хромосомамен тіркес тұқым қуалауға тән белгілер:

Митохондриялық тұқым қуалауға тән белгілер:

Белгілердің тіркес тұқым қуалауы.

Сызба – 2. Талдаушышағылыстыру №1.

Сызба – 3. Талдаушы шағылыстыру № 2

Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі

Уотсон-Крик ұсынған модель:

РНҚ –ның өмір сүруге қабілеттілігі:

Геннің цистрондық құрылымы.

Эукариоттардың генінің молеклалық құрылымы(схема түрінде)

Геннің кодтаушы учаскесі

Геннің қасиеттері

Ген, классификациясы және функциясы

Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:

Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:

Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы

Сабақ 9 Ақпараттық дидактикалық блок

Репликацияның негізгі ферменттері:

Альтернативтіксплайсинг

Прокариотгендерініңактивтілігініңреттелуі:

Позитивтікбақылау

Репрессибельдікжүйелер

Трансляциялықбақылау

Посттрансляциялықбақылау

Эукариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі

Гендерактивтілігініңгеномдықдеңгейде(ДНҚ)реттелуі

Эукариоттардың ДНҚ фракцияларының сипаттамалары

Кейбіргендердіңконститутивтік(тұрақты)экспрессиясы

Гендер активтілігінің транскрипциялық деңгейде реттелуі

Посттранскрипциялықбақылау

Трансляциялықбақылау

Белоктардыңпосттрансляциялықмодификациялары

Гендерактивтілігініңгормональдықреттелуі

хромосомалары овуляция үдерісі басталғанша осы күйін сақтайды.

Диакинез. Хроматидтердің ширатылуының нәтижесінен хромосомалар жуандап, қысқарады,ядро қабықшасы толығымен жойылады.Хромосома

ұштарындағы хиазмдарда ажырай бастайды. Хроматидтерде хиазмдар болмайды. Генетикалық материалдың мөлшері сақталады. (2n 4с).

Профаза соңында ядрошық және ядро қабығы еріп, хромосомалар цитоплазмаға шығады және жасушаның экватор жазықтығына қарай жылжиды.

Пахитена және диплотена сатысында өтетін транскрипцияның белсенділігі жыныс жасушаларының дамуының, әсіресе ооциттердің өсу сатысынада айқын байқалады. Бұл кезде ұрықтың дамуының ерте сатысына қажетті ақуыздар белсенді синтезделіп жинақталады.

Диплотена сатысында өсіп жатқан ооциттарда хромосомалар «лампалық щетка» түріне ие болады. Хромосомалардың белгілі бір бөліктері де жұп ілмектер түзеді. Ілмектер хроматиннің активті деконденсацияланған бөліктері, сол жерде м РНҚ көп мөлшерде синтезделіп жинақталады.

Содан кейін метафаза І, анафаза І, телофаза І, цитокинез І жүреді. Мейоздың бұл сатылары митоздың фазасына ұқсас. Негізгі ерекшелігі: пайда болған жаңа жасушаларға жеке хроматидтер ажырамайды, орнына жұп кроссоверлі центомерлерімен байланыста болатын хроматидтер ажырайды. Бірінші мейоздың нәтижесінде хоромосоамалырының гаплоидты жиынтығы бар екі жас жасуша түзіледі, әр хромосома екі хромотидтен тұрады (n2c).

Бірінші мейоздық бөлінуден кейін интерфаза
II (интеркинез) бірден басталып өте қысқа уақытта өтіп кетеді. Бұл кезеңде ДНК-ның екі еселенуі (хроматидтердің еселенуі) жүрмейді.

Мейоз І кейін мейоз II (эквациялық бөліну) жүреді. Бұл бөліну митозға ұқсас өтеді, бірақ бөлінуге хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар жасуша түседі. Бұл бөліну үдерісінде екі хроматидтен тұратын аналық жасуша хромосомалары жас жеке хроматидтерге ажырайды.

Екі мейоздық бөлінудің нәтижесінде хромосомалардың диплоидты жиынтығы бар бір жасушадан гаплоидты жиынтықты жасушалар пайда болады.

Мейоз сонымен қатар гаметаларда жүретін кроссинговердің нәтижесінен және гомологты хромосомалардың кездейсоқ ажырауынан генетикалық материалдың рекомбинациясының пайда болуына, яғни мейоз (және ұрықтану) кезінде ата-ананың аллельдерінің кездейсоқ қайта топтасуы Мендель заңдылығына сай генетикалық өзгергіштіктің пайда болуына және генетикалық пропорцияның ықтималдық теориясын пайдалануына мүмкіндік береді.

Мейоздың маңызы:

  • гаметогенездің негізгі кезеңі;

  • жынысты көбеюде генетикалық ақпараттың бір ағзадан екінші ағзаға берілуін қамтамасыз етеді;

  • бастапқы жасушамен жаңа түзілген жасушалар генетикалық тұрғыдан бірдей емес.

  • хромосомалардың бөлінбеуі немесе дұрыс ажырамауы хромосомалық аурулардың пайда болуына әкеледі.



Гаметогенез


Гаметогенез аталық (сперматогенез) және аналық (овогенез) – жыныс жасушаларының түзілу үдерісі. Гаметогенез жыныс бездерінде өтеді сперматогенез аталық ұрық безінде, ал овогенез аналық жыныс безінде өтеді. Гаметогенезде аналық ағзада аналық жыныс жасушасы жұмыртқа жасушсы, ал ер адамдарда – сперматозоидтар түзіледі. Осы гаметогенез үдерісі ер және әйел адамдардардың ұрпақ қалдыруына мүмкіндік береді.

Гаметогенездің бірнеше сатылары бар:

  1. Кӛбею сатысы. Жасушалар (сперматогониялар, овогониялар) бірнеше рет митоз жолымен көбееді, соның нәтижесінде жасушалар саны артады. Ол жасушалардаға хромосомалар жиынтығы диплоидты 2n2c.

  2. Ӛсу сатысы. Бұл саты I-ші мейоздың интерфазасына сәйкес келеді. Бұл кезеңнің маңыздылығы да сол - ДНҚ молекуласы екі еселенседе хромосомалар саны өзгермейді. Генетикалық материалдың мөлшері 2n4c.

  3. Пісіп-жетілу сатысы. Мейоз жүреді, жасуша екі рет бөлінеді редукциялық (мейоз I) және эквациялық бөліну (мейоз II).

  4. Қалыптасу кезеңі немесе спермиогенеза (тек сперматогенезеге ғана тән). Сперматидтер ядросы тығыздалады, хромосомалардың спиралдануы салдарынан олар иннерті күйде болады. Гольджи комплексі ядроның бір полюсіне ығысып ферменті бар акросома түзеді, ол ұрықтың жұмыртқа жасушасына енуіне мүмкіндік береді. Ядроның екінші полюсіне центрольдар жылжды, оның біреуі талшықтың (құйрықтың) қалыптасуына қатысады. Бір талшық митохондрияға спиральды орам жасайды. Сперматидтердің цитоплазмасы ығыстырылады, сондықтанда сперматозоидтың басында цитоплазма болмайды.

Ер адамдардағы мейоз


Сперматогенез үдерісінің 64 күнге дейін созылады. Сперматогониялар барлық даму сатысынан өтіп сперматозиодтарға айналады.

Хромосомалардың диплоидты бірінші реттік сперматоциттер мейоздың І-ші сатысын өткеннен кейін хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар екі екінші реттік сперматоциттер түзіледі. Соңынан мейоз ІІ жүреді нәтижесінде төрт гаплоидты сперматидтер пайда болады. Қалыптасу кезеңінде жетілмеген сперматидтер сперматозоидтарға айналады.

Әйел адамдардағы мейоз


Овогенез ұрықтың дамуының 12 аптасында басталып 20-шы аптасына қарай даму тоқтайды. Бірінші реттік овоциттер профаза І-дің диплотена сатысында овуляция басталғанша тыныштық күйде қалады, бұл кезеңді диктиотена кезеңі деп атайды.

Айына бір ғана овоцит пісіп жетіледі. Гормондар әсерінен бірінші реттік овоцитке цитоплазмалық материалдар жинақталып, ісінеді. Мейоз І соңында екі жаңа жасушалар түзіліп біреуі овоциттердің екінші қатарына ал екінші ядро бірінші реттік бағыттаушы денеге айналады, уақыт өте дегенерацияланады. Екінші реттік ововцит жатырға немесе фаллопиев түтігіне түседі.

Сперматозоидтар енгенге дейін еінші реттік овоциттер мейоз ІІ метафазасында тоқтап қалады. Бұл үдерістерден кейін бөліну аяқталады және жұмыртқа жасушасының гаплоидты пронуклеусы түзіліп сперматозоидтың пронуклеусымен қосылады, сонымен қатар екінші реттік бағыттаушы денешік түзіледі, артынан дегенерацияланады. Ұрықтанудың қай уақытта басталуына байланысты бұл үрдістің ұзақтығы 12-50 жылға дейін созылады.

  1. 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43

Митоз және мейоздың медициналық маңызы.


Митоздық белсенділіктің реттелуі гендік, жасушалық және ұлпалық

деңгейлерде зерттеу жасушалық циклдың бақылау механизмін, қартаюдың, физиологиялық регенерацияның, клондаудың және ісік ауруларының пайда болу механизмдерін түсінуге, оларды реттеу және емдеу үшін тиімді әдістер табуға мүмкіндік береді. Жасушалық циклдің реттелу заңдылықтарын білу, бұл нәтижелерді қатерлі ісіктерді анықтауда және жараның жазылуын тездететін препараттар және қатерлі ісіктерді емдеудің әдістерін табуға

мүмкіндік береді.

Тіршілікті қамтамасыз ететін тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі көбею болып табылады. Көбею процесінде генетикалық материал ата-анасынан келесі ұрпаққа беріледі. Көбеюдің негізгі екі жолы ажыратылады: жыныстық және жыныссыз.

Жыныстық көбею жыныс жасушаларының түзілуі (гаметогенез) арқылы өтеді. Оның басты сатысы мейоз. Ұрықтану мен мейоз хромосомалар

санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, комбинативтік өзгергіштікке себеп болады. Ұрықтану мен гаметогенез процестерінің бұзылуы аномальді

зиготаның пайда болуына алып келеді, диагностикаланбайтын түсіктердің

және жаңа туған нәрестелердің әртүрлі патологияларының себептерін түсінуге көмектеседі.
Сабақ 4 Адамның онтогенездік дамудың ерте сатысының жасушалықмеханизмдері. Дамудың туа біткен ақаулары
Онтогенез - дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуінен басталып, тіршілігін жойғанға дейінгі дамуы (өлгенге дейін). Онтогенез ұрықтану кезінде ата–аналарының жыныс жасушаларынан алынған тұқым қуалайтын ақпараттың негізінде жүзеге асады. Адам онтогенезiнiң келесi