Файл: Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 756

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Гиалоплазма қызметтері

Митохондрия қызметі:

ЭР қызметі:

Жасуша ядросының қызметі:

Сабақ 2 Жасушаның генетикалық аппараты

Ақпаратты-дидактикалық блок:

Сабақ 3 . Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:

Амитоз, эндомитоз, политения

Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы. Мейоз анықтамасы және

Гаметогенез

Ер адамдардағы мейоз

Әйел адамдардағы мейоз

Митоз және мейоздың медициналық маңызы.

Онтогенездің ерте сатысы

Эмбриональдық кезең

2 сурет. Көз бұршағының индукциясы.

Онтогенездің жасушалық механизмдерi.

Даму ақауларының сызбасы ДТБА жіктелуі:

Сабақ 5 АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Аутосомды-доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:

Аутосомды-рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:

Х-хромосомамен тіркес доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:

Х-хромосомамен тіркес рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:

Голандриялық немесе У-хромосомамен тіркес тұқым қуалауға тән белгілер:

Митохондриялық тұқым қуалауға тән белгілер:

Белгілердің тіркес тұқым қуалауы.

Сызба – 2. Талдаушышағылыстыру №1.

Сызба – 3. Талдаушы шағылыстыру № 2

Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі

Уотсон-Крик ұсынған модель:

РНҚ –ның өмір сүруге қабілеттілігі:

Геннің цистрондық құрылымы.

Эукариоттардың генінің молеклалық құрылымы(схема түрінде)

Геннің кодтаушы учаскесі

Геннің қасиеттері

Ген, классификациясы және функциясы

Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:

Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:

Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы

Сабақ 9 Ақпараттық дидактикалық блок

Репликацияның негізгі ферменттері:

Альтернативтіксплайсинг

Прокариотгендерініңактивтілігініңреттелуі:

Позитивтікбақылау

Репрессибельдікжүйелер

Трансляциялықбақылау

Посттрансляциялықбақылау

Эукариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі

Гендерактивтілігініңгеномдықдеңгейде(ДНҚ)реттелуі

Эукариоттардың ДНҚ фракцияларының сипаттамалары

Кейбіргендердіңконститутивтік(тұрақты)экспрессиясы

Гендер активтілігінің транскрипциялық деңгейде реттелуі

Посттранскрипциялықбақылау

Трансляциялықбақылау

Белоктардыңпосттрансляциялықмодификациялары

Гендерактивтілігініңгормональдықреттелуі

кезеңдерге бөлуге болады:

1) предэмбриональдық (гаметогенез);

2. антенатальдық немесе туылғанға дейiнгi (эмбриональдық және фетальдық);

1. постанатальдық немесе туылғаннан кейiнгi (репродуктивтілікке дейінгі, репродуктивтi және пострепродуктивтi);

Акушерлiк және педиатрлық тәжірбиеде адамның антенатальдық онтогенезiн келесi кезеңдерге бөлу қабылданған:

  1. бастапқы-ұрықтанғаннан кейiнгi 1-шi апта;

  2. ұрықтық немесе эмбриональдық (ұрық эмбрион деп аталады)-2-8 апталар;

  3. iштегi нәрестелiк немесе фетальдық (ұрық iштегi нәресте деп аталады)-9-40 апталар. Прогенез (предэмбриональдық кезең) онтогенездің бастамасы, оған гаметогенез бен ұрықтану кіреді. Гаметогенез – жұмыртқа жасушасының (овогенез) және сперматозоидтардың (сперматогенез) түзілу үдерістері. Гаметалардың тіршілік қабілеттілігі уақытпен шектелген, сондықтан жыныс жасушасының жасы ұрықтану барысында маңызды роль атқарады. Овуляциядан соң жұмыртқа жасушасында өзгерістер байқалады, оны қартаю деп сипаттауға болады. Адамда овуляциядан кейінгі 1 тәулікте, немесе фолликуладан жұмыртқа жасушасы шыққан соң, онда қайта қалпына келмейтін өзгерістер жүреді, жасуша пісіп жетіліп кетеді де, одан кейінгі 24 сағат ішінде ұрықтана алмайды.

Әйел адамның жыныс жолдарында сперматозоид 6-7 тәулікке дейін қозғалғыштығын сақтайды, бірақ ұрықтандыру қабілеті 1 тәуліктен аспайды.

Пісіп кеткен гаметалар кей кездерде қосылады, бірақ имплантацияның болмауынан немесе жүктіліктің ерте спонтанды үзілуінен (гаметопатиялар) тез арада олардың дамуы тоқтайды.

Ұрықтану– жыныс жасушаларының
қосылып, диплоидты жиынтығы бар жасуша - зиготаны түзуі. Ұрықтану кезінде гаметалардың жақындауы, жұмыртқа жасушасының активтелінуі және гаметалардың қосылуы (сингамия) рет-ретімен жүреді.

Жұмыртқа жасушасы мен сперматозоидтар бөлінетін гамондардың (гаметалар гормоны) әсерінен гаметалардың жақындауы жүреді. Гамондар сперматозоидтардың қозғалуын және сперматозоидтың жұмыртқа жасушасының қабықшасына жанасуын активтендіреді. Сперматозоид жұмыртқа жасушасының қабықшасына жанасқанда акросомдық реакция жүреді де, жұмыртқа жасушасының қабықшалары ериді. Сперматозоидтың центриолі мен ядросы жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына өтеді, сперматозоидтың мембранасы жұмыртқа жасушасының мембранасына қосылады. Сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына жанасу нәтижесінде, жұмыртқа жасушасы активтеледі: бұл құрылымдық және физико-химиялық күрделі өзгерістер.Жұмыртқа жасушасымен бірінші сперматозоид қосылған соң, бірден оның үстіңгі жұқа қабығы бөлектенеді, бұл ұрықтану қабығы, кортикальды реакция жүреді. Осы реакцияның нәтижесінде басқа сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасына енуі тоқталады. Қосымша енген сперматозоидтар өзгеріске немесе ұрықты өлімге алып келеді.

Жұмыртқа жасушасының активтелінуі ақуыз синтезінің басталуымен трансляциялық деңгейде аяқталады, себебі м-РНҚ, т-РНҚ, рибосомалар және энергия овогенез кезінде жинақталып қояды.

Гаметалардың қосылуынан (сингамия) синкарион түзіледі бұл екі : аталық және аналық пронуклеустің қосылуы. Әр пронуклеусте n 2c сәйкес келетін тұқым қуалайтын

материал бар. Бірінші митоздық бөліну зиготада екі ұрықтық жасушаның (бластомерлер) түзілуіне алып келеді, олардың әрқайсысында хромосомалар жиынтығы 2n2c.

Онтогенездің ерте сатысы


Жұмыртқа жасушасы цитоплазмасының әр аймағы әртүрлі химиялық құрамды ерекше жасуша. Жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына эмбрионалдық дамудың ерте сатысына қажетті ақуыздардың синтезделу үшін энергия қоры және м-РНҚ мол жинақталады. Бұл заттар жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында біркелкі таралмаған.

Жұмыртқа жасушасында сарыуыздың орналасуының маңызы зор, өйткені болашақта ұрықтың кеңістіктік құрылымын анықтайды. Жұмыртқа жасушасының полярлығы сарыуыздың орналасу сипатына байланысты:, бұл ядроның эксцентрлік орналасып, анималді полюске қарай ығысуы және цитоплазмалық қосындылардың орналасу ерекшеліктерін көрсетеді. Цитоплазманың әртүрлі аймақтарының химиялық құрамы және потенциясы да әртүрлі. Цитоплазманың анимальді полюсінің аймағы эктодермалық, ал вегетативті полюс аймағы энтодермалық, экваторлық аймақ мезодермалық потенцияларға ие. Жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында пайда болған жергілікті айырмашылық, оныңішкі сапасының әртүрлі болуына алып келеді, оны ооплазматикалық сегрегациядеп атайды. Ооплазматикалық сегрегация биологиялық белсенді морфогендердің таралу негізінде жатқан жұмыртқа жасушасының цитоплазмасының гетрогенділігі. Дрозофила зиготасының түзілуіне дейін аналық геннің өнімі м-РНҚ болашақ эмбрионның осінің ұзына бойы біркелкі емес морфогендердің градиенттеріне қарай таралып жатады. Ооплазматикалық сегрегация ұрықтанудан кейін күшейеді де, ұрықтың бастапқы жіктелуіне негіз болады. Жұмыртқа
жасушасына сперматозоид енген соң цитоплазмадағы компоненттердің қайта бөлінуі жүреді, сондықтан зиготаның бөлшектенуі кезінде бластомерлерге түскен цитоплазманың құрамы әртүрлі болады. Ары қарай осыған сәйкес цитоплазманың әртүрлі құрамы әртүрлі ұлпалардың бастама жасушаларына әр түрлі болып бөлінеді. Бластомерлердің нақты бағытта дамуы цитоплазмада әртүрлі аймақтарында жиналған заттардың тұқым қуалауына тәуелді болады.

Әр бластомерде өзінің морфогендердің концентрациясы жиналады немесе әрі қарай даму жайлы ақпарат алады, оны позициялық ақпарат деп атайды. Ооплазматикалық сегрегацияға байланысты болашақ ағзаның құрылысының дамуы жоспарланады, жоспардың негізі биологиялық белсенді заттардың градиентке қарай таралуы, мысалы РНҚ және ақуыздардың концентрациясы яғни анималды полюстен вегатативті полюске қарай азаяды.

Жасушаның позициялық ақпаратына сәйкес мүшенің бастамасы өзінің орналасуын координаттық жүйе бойынша бағалап, содан кейін сол жағдайға байланысты жіктеледі. Жасушаның орналасуы ұрықтың ұзына бойы осіндегі белгілі градиентпен орналасқан кейбір заттардың концентрациясымен анықталады.

Адамның жұмыртқа жасушасы ланцетниктікі сияқты олиголецитальды.

Эмбриональдық кезең


Бөлшектену. Зиготаның бөлшектенуі митоз жолымен жүреді. Бөлшектену сатысының мәні көпжасушалы ұрық- бластоцистаның пайда болуы. Бластоциста сатысында жасушалар әлі маманданбаған немесе жүйке, бұлшық ет, эпителий және тағы басқа да жеке жасушалар түріне жіктелінбеген. Сондықтанолардыбағаналық жасушалардеп атайды. Бағаналық жасушалар әртүрлі жасушалар мен ағза ұлпаларының барлығына бастама болады, сондықтан олардыплюрипотенттідеп атайды.

Ұрықтың ерте сатысындабластомерлер тотипотентті,олардың мүмкіндіктері тең және олардыңәрқайсысы бүтін бір ағзаға бастама береді. Монозиготалы егіздердің және ақаулықтардың ұқсас болып жарыққа шығуы тотипотенттікпен түсіндіріледі (омниопотенттік). Ұрықтың қалыпты даму барысындағы потенциясына қарағанда жеке бластомердің морфогенезге потенциясы жоғары болады. Потенциялар бұл ұрық

элементтерінің максимальды мүмкіндіктері, яғни олардың даму бағыттарының іске аса алатын мүмкіндіктері. Қалыпты жағдайда олардың тек біреуі ғана іс жүзіне асырылады.

Бірте-бірте жасушалар жіктеледі, олардың дамуы бағдарланған және белгілі жасушалар түріне, мысалы, эпителиальды, жүйке және т.б бастама береді. Бластомерлердің бөлшектенуі сома жасушаларының митоздық бөлінуінен айырмашылығы бар, бөлшектенуде бластомерлердің өсуі байқалмайды. Ұрықтың көлемі бөлшектену кезінде өспейді, сондықтан бөлшектенудің соңында пайда болған бластуланың көлемі зиготаның көлемімен бірдей болады. Бұл ұрықтың жатыр түтігімен еркін қозғалуы және одан әрі оның имплантациясы үшін маңызды.

Гаструляция- 2 немесе 3 ұрық жапырақшаларынан