ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 722
Скачиваний: 1
СОДЕРЖАНИЕ
Сабақ 2 Жасушаның генетикалық аппараты
Сабақ 3 . Тақырып: Сомалық және жыныс жасушалардың бӛлінуі. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Постмитоздық кезең (пресинтездік) кезең G1:
Гаметогенез (оогенез, сперматогенез), сатылар сипаттмамасы. Мейоз анықтамасы және
Митоз және мейоздың медициналық маңызы.
2 сурет. Көз бұршағының индукциясы.
Онтогенездің жасушалық механизмдерi.
Даму ақауларының сызбасы ДТБА жіктелуі:
Сабақ 5 АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Аутосомды-доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:
Аутосомды-рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:
Х-хромосомамен тіркес доминантты тұқым қуалауға тән белгілер:
Х-хромосомамен тіркес рецессивті тұқым қуалауға тән белгілер:
Голандриялық немесе У-хромосомамен тіркес тұқым қуалауға тән белгілер:
Митохондриялық тұқым қуалауға тән белгілер:
Белгілердің тіркес тұқым қуалауы.
Сызба – 2. Талдаушышағылыстыру №1.
Сызба – 3. Талдаушы шағылыстыру № 2
Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі
РНҚ –ның өмір сүруге қабілеттілігі:
Эукариоттардың генінің молеклалық құрылымы(схема түрінде)
Ген, классификациясы және функциясы
Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:
Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы
Сабақ 9 Ақпараттық дидактикалық блок
Репликацияның негізгі ферменттері:
Прокариотгендерініңактивтілігініңреттелуі:
Эукариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі
Гендерактивтілігініңгеномдықдеңгейде(ДНҚ)реттелуі
Эукариоттардың ДНҚ фракцияларының сипаттамалары
Кейбіргендердіңконститутивтік(тұрақты)экспрессиясы
Гендер активтілігінің транскрипциялық деңгейде реттелуі
Гиалоплазма қызметтері
-
барлық жасушалық құрылыстарды біріктіріп, олардың арасындағы өзара қарым қатынасты қамтамасыз етеді. -
жасушадағы органеллалар орналасуы орнын анықтайды. -
заттардың клетка ішілік тасымалдануы қамтамасыз етеді. -
АТФ молекулаларының ығысу аумағы мен негізгі орналасатын орны болып табылады. -
жасушаның формасын анықтап белгілейді.
Органоидтар – жасуша тіршілігі үшін әртүрлі қызмет атқаратын жасуша цитоплазмасындағы тұрақты құрылымдар. Органоидтар өз кезегінде, мембраналы және мембранасыз болып бөлінеді. Мембраналы органоидтарға: митохондриялар, пластидтер, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосомалар, ал мембранасыз органоидтарға: рибосомалар, центросома (центриольдер) жатады. Сонымен қатар жасушада цитоқаңқа элементтері де бар; оларға микротүтікшелер, микрофиламенттер аралық
филаменттер жатады
Мембраналы органеллалар қосмембраналы және бірмембраналы болып бөлінеді. Қосмембраналы компоненттерге митохондриялар, пластидтер мен ядро жатады. Бірмембраналыға: эндоплазмалық ретикулум, Гольджи кешені, лизосомалар, пероксисомалар. Мембраналы органеллаға тән жалпы қасиет, олардың барлығы липопротеидті жабындыдан тұрады. Бұндай кесіндінің ішкі құрамы әрқашан гиалоплазмадан ерекшеленеді
Митохондриялар – қосмембраналы органелла, бұл жасушаның метаболиттік қызметін орындайтын орталық. Онда аденозинтрифосфат (АТФ) синтезі жүреді. Жасушаның басқа органеллаларына қарағанда митохондриялар ядролық ДНҚдан ерекшеленетін өзіндік ДНҚсы (кольцо тәріздес)бар және ол ерекше митохондриальды гендерді кодтайды. Сыртқы және ішкі мембраналар арасында Н
+ сутек иондарының жиналуын қамтамасыз ететін перимитохондриальды кеңістік бар. Сыртқы мембрана, 5000 дальтонға дейінгі мөлшердегі тесіктерді қалыптастыратын порин ақуызының едәуір мөлшерін құрайды. Аминқышқылдар, қант иондары және басқа да цитозольды компоненттер бірінші мембрана аралық кеңістікке өтеді. Нуклеотидтермен қант нуклеотидтерін фосфорилдейтін ферменттер сол кеңістіктерде орналасқан. Ішкі мембрана крист деп аталатын көптеген қатпарларды түзейді. Сыртқы мембрана жоғары өткізгіштігімен айрықшаланады, көптеген қосылыстар ол арқылы оңай өтеді. Ішкі мембрана өткізгіштігі айтарлықтай төмен. Митохондрияның ішкі сұйықтығы матрикс, құрамы бойынша цитоплазмаға жақын болып келеді. Метоболикалық ферменттердің орасан мөлшері митохондриальды матриксте орналасқан, оның ішінде майлардың, көмірсудың тотығуына, үшкарбонқышқыл цикліне қатысатын ферменттер бар. Сонымен бірге матриксте митохондрия геномы, рибосомалар, тРНК, орналасқан. Митохондрияларда жасушалық тыныс алу үрдісі іске асырылады. Жасушалық цикл кезеңінде митохондриялар тартылыс жасап бір рет екіге бөлінеді. Митохондрияда қолайсыз әсер кезінде сыртқы мембранамен ғана шектелген көпіршіктер ісініп, пайда болады. Дегенерация және ісік митохондриялардағы тотығу тотықсыздану реакция-ларының бұзылыстарымен қатар жүреді. Жоғары энергетикалық қосылыстардың жеткіліксіздігі, барлық жасуша гомеостазына теріс әсерін тигізеді.
Әрбір митохондрия митохондриальды ДНҚның бірнеше көшірмесіне ие. Митохондрия эритроциттер мен шыны талшықтарынан басқа, барлық жасушаларда бар. Әсіресе мида және бұлшық етте митохондриялар көп болады, себебі осы жасушалардың энергияны максималды тұтынуымен байланысты. Митохондрияларда ДНҚ
репарация ферменттері болмайды, сол себепті мұнда мутация үнемі жиі болып тұрады.Ағзаның қартаюы, осы мутациялардың біртіндеп жиналуымен байланысты Митохондриялардағы мутациялар аралас жүйкелік және миопаттық бұзылыстарға әкеледі. Кернс-сайра синдромының себептері, дупликация түріндегі мутациялар себебінен болады. Синдром бұлшық еттің әлсіреуі, мишықтың зақымдалуы және жүрек жеткіліксіздігімен сипатталады.
Митохондрия қызметі:
-
Тыныс алу және энергиялық орталық -
АТФсинтездейді.
Эндоплазмалық ретикулум жасуша цитоплазмасының үлкен көлемін алып жатқан, торланып, тармақталған микроарнашықтар мен микроқуыстардан тұрады. Бұл лабиринттік мембраналық құрылым ядроға жақын орналасқан. Эндоплазмалық ретикулум қуысы өзара байланысқан. Ол екі функционалды құрылымға бөлінеді: тегіс және кедір бұдырлы эндоплазмалық ретикулум. Бұдырлы эндоплазмалық ретикулуммен көптеген рибосомалар байланысқан, тек трансляция үдерісі кезінде. Барлық мембрана биосинтезі бұдырлы эндоплазмалық ретикулумнан бастау алады. Бұл мембраналы торда белок пен майлардың синтезі жүзеге асырылады. Тегіс эдоплазмалық ретикулум – липидтердің биосинтезі, кальций жинақталатын, сонымен бірге детоксикациялық Р450 ферменттері қалыптасатын басты жасушалық органелла. Бұл ферменттердің синтезі мен бұзылысы тез жүзеге
асырылады және сыртқы дабылдарға тәуелді.
ЭР қызметі:
-
Белок, майлар, және көмірсулар синтезі -
Белоктар модификацияланады.
Гольджи кешені – жасушаның негізгі органелласы. Бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ мембраналы 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органелла. Ол тегіс эндоплазмалық тормен жалғаса орналасқан. Мұнда заттардың биохимиялық модификациясы іске асырылады. Лизосомаға, пероксисомаға, плазмалық мембранаға немесе секреторлы көпіршіктерге бағытталған барлық аққуыздар, липидтер және мембраналық компоненттер осы кешен арқылы өтеді. Әртүрлі органеллалар үшін тағайындалған белоктар Гольджи торабына жеткенде, SNAP белоктарының
көмегімен қажетті органеллаларға өзінің сұйықтығын беретін арнайы көпіршіктер бөлініп қапталып шығады. Кейбір белоктар цитоқаңқаның микротүтікше компоненттері бойынша тасымалданады. Гольджи кешеніне қарай эндоплазмалық торда синтезделген заттар жеткізіледі. Эндоплазмалық тор цистерналарынан, Гольджи кешенінің цистерналарымен бірігетін көпіршіктер босатылып шығады. Осы жерде заттар түрленіп, жетіледі. Гольджи кешенінің көпіршіктері лизосома, сүт безінің белогы, бауырдағы өт түзілуіне т.с.с. қатысады. Гольджи кешенінің цистерналары цитоплазмадан моносахаридтерді белсенді түрде алады оны күрделі олиго, полисахаридтерге белсенді түрде синтездейді. Гольджи кешені жәнеэндоплазмалық тор өзара тығыз байланысты. Оның біріккен әрекеттері жасушада синтезді қамтамасыз етеді, оны оқшауландырады және тасымалдайды.
Лизосома - жасушаішілік ас қорыту қызыметін атқаратын органелла. Лизосомадабелоктар, липидтер, көмірсулардың ыдырауына қатысатынарнайы гидролаза- ферменттердің үлкен санынан тұрады. Лизосома Гольджи кешенінен бөлінген көпіршіктерден түзіледі. Гольджи кешенінде, алдын ала бұдыр эндоплазмалық торда гидролитикалық ферменттер синтезделеді. Эндоцитозды көпіршіктермен біріге отырып, лизосомдар қорыту вакуолін түзеді (екіншілік лизосома) бұнда мономерлерге дейінгі мөлшердегі органикалық заттардың ыдырауы жүреді. Қорыту көпіршіктері мембрана арқылы жасуша цитоплазмасына түседі. Нейтрофил қан жасушаларында бактериялардың залалсыздандырылуы дәл осылай жүреді. Екіншілік лизосомаларда мүлдем ферменттер болмайды. Онда гидролизденбейтін материалжасуша шегінен шығады, не болмаса цитоплазмада жиналады. Лизосомалар жасуша материалдарының бұзылысына да қатысады. Мысалы, функциональдық белсенділігін жұмсаған қордағы қоректік заттар,