Файл: азастан республикасы денсаулы сатау министрлігі астана медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 2517
Скачиваний: 3
СОДЕРЖАНИЕ
Тақырыбы: «Анемиялар мен эритроцитоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жіті және созылмалы лейкоздардың патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Гемостаз патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүрек жеткіліксіздігінің патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Жүректің коронарогенді емесаурулары»
ТАРАУ: «РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Өкпе тіні тығыздалу синдромының патофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тыныс жеткіліксіздігі синдромы»
ТАРАУ «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Асқазан қызметінің бұзылысы. Ойық жара ауруының патофизиологиясы»
Тақырыбы: «Ұйқыбезінің секреторлық функциясының бұзылысы»
Тақырыбы: «Жіңішке және жуан ішек қызметтерінің бұзылыстары»
Тақырыбы: «Бауыр патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕСЕП ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қабынбалық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы»
Тақырыбы: «Жыныстық даму бұзылыстары синдромының патофизиологиясы»
ТАРАУ «НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Мидағы қанайналымның ңпатофизиологиясы.
Тақырыбы: «Тырысу және ми қабықшалары зақымдалуы синдромының патофизиологиясы»
Тақырыбы «Нейродегенеративті аурулардың патофизиологиясы»
ТАРАУ«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қантты диабеттің патофизиологиясы»
ТАРАУ «ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕРІ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ»
Тақырыбы: «Қаңқа бұлшықеттерінің тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын аурулары. Миопатиялар»
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағзалар және жүйелер патофизиологиясы бойынша тақырыптық сөздік
пайыздық қатынасы:
Т/я нейтрофилдер + Метамиелоциттер + Миелоцит + Промиелоциттер : Ядросы бөлшектенген нейтрофилдер
Қалыпты жағдайда ЯЫИ 0,05-0,1-ге тең. Бұл көрсеткіштің көбеюі ядролық солға ығысуын, ал азаюы оңға ығысуын көрсетеді.
Ядролық оңға қарай ығысу – гиперсегменттелген нейтрофилдер санының артуымен, таяқша ядролы нейтрофилдердің болмауымен, олардың дегенерациялық белгілерінің пайда болуымен жиі қабаттасады. Әдетте дегенерациялық ядролық оңға қарай ығысу лейкопенияларда байқалады.
Лейкемоидты реакциялар (грек. leukos - ақ + eidos - бейнесі, түрі) - қан өндіретін ағзалар мен перифериялық қанда пайда болатын, түрлі аурулардың салдарынан дамитын және лейкоздарға ұқсайтын, бірақ патогенезімен ерекшеленетін өзгерістер. ЛР-дың ерекшелігі: олардың сипаты реактивті және онкологиялық патологияларға трансформацияланбайды.
Лейкопения (грек. leukos – ақ + penia - жеткіліксіздік) - қанның бірлік көлемінде лейкоциттер санының 4,0 х 109/л-ден аз болуы. Шығу тегіне қарай ілкі (біріншілікті, туа біткен немесе тұқымқуалайтын) және салдарлық (екіншілікті, жүре пайда болған) лейкопениялар болып бөлінеді..
Нейтропения (лат. neuter - ол емес, басқа да емес + грек. penia - жеткіліксіздік) – нейтрофилдердің пайыздық құрамының 47%-дан аз болуы. Абсолют нейтропения кезінде нейтрофилдердің саны 2,0∙109/л-ден аз болады. Эозинопения (грек. eos - таңғы шапақ + penia - жетіспеушілік) - эозинофилдердің пайыздық құрамының 0,5%-дан аз болуы немесе олардың абсолютті мөлшерінің 0,02∙109/л-ден азаюы.
Анэозинофилия (грек. an – жоқ дегенді білдіреді + eos - таңғы шапақ + philia үйірлік) – перифериялық
қанда эозинофилдердің жоқ болуы, олардың пайыздық құрамы 0% тең.
Агранулоцитоз (грек. а – теріс мән + лат. granulum – дән, түйіршік + грек. kytus – жасуша + -оsis – процесс дегенді білдіретін суффикс) – лейкопенияның ең ауыр түрі (лейкоциттердің жалпы саны 1,0·109/л-ден аз), гранулоциттердің бірден төмендеуімен (олардың саны 0,75·109/л-ден аз), салыстырмалы лимфоцитоз және салыстырмалы моноцитозбен сипатталады. Миелоуыттық агранулоцитоз (грек. myelos – сүйек кемігі + toxikon – у)– агранулоцитоздың бір түрі, гранулоциттік өсіндіден пайда болатын жасушалардың пролиферациялық белсенділігіне цитостатикалық факторлардың тежеуші әсерінен дамиды. Лейкопениямен қатар әдетте тромбоцитопения және анемия анықталады.
Иммундық агранулоцитоз (лат. immunis еркін, барлық нәрседен бос) - агранулоцитоздың бір түрі, антигранулоциттік антиденелердің әсерінен, сүйек кемігінде және қанда гранулоциттердің, кейде ізашар жасушалардың өлеттенуі байқалады.
Гаптендік агранулоцитоз (грек. hapto - қармау)– иммундық агранулоцитоздың бір түрі, бұл кезде лейкоциттің өзгерген антигеніне қарсы антидене өндіріледі. Гаптен ретінде (толық емес антигендер) дәрілік препараттар және вирустар болады.
Аутоиммундық агранулоцитоз (грек. autos - өзім, меншікті + лат. immunis - еркін, барлық нәрседен бос) – иммундық агранулоцитоз түрі, бұнда лейкоциттің өзгермеген антигеніне қарсы аутоантиденелер өндіріледі. Иммундық жүйенің патологиясында дамиды, мысалы, Т-супрессорлардың белсенділігі төмендегенде, олар қалыпты жағдайда меншікті лейкоциттерге қарсы
антиденелердің түзілуін тежейді.Лимфоцитопения(лат.lympha-ылғал+kytus-жасуша+penia-жетіспеушілік)-лимфоциттердіңпайыздықмөлшерінің19%-даннемесеолардыңабсолюттіқұрамының1,0∙109/л-ден азболуы.Моноцитопения(грек.monos-бір+kytus-жасуша+penia-жетіспеушілік)- моноциттердің пайыздық мөлшерінің 3%-дан немесе олардың абсолюттіқұрамының0,1∙109/л-деназболуы.