ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 524
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
-
Наурызға байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер? -
Бүгінгі ҰОҚ қандай музыка тыңдадық? -
Наурыз тойын қалай тойлайды?
№ 55-56 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Қайырлы таң»
Мақсаты: Жаңалықты, жақсылықты музыка тілімен сезінуді үйрету.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұнын элементтерімен байланыстыру. Қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Қазақстан композиторларының шығармашылықтарымен таныстыруды жалғастыру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда, фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, бауырмашылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: әуенге ілесіп би қимылдарын жасайды.
Түсінеді: музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұнын элементтерімен байланыстыру.
Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: музыкалық аспаптар, Дина Нұрпейісованың суреті, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: қайырлы таң – доброе утро – good morning.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар марш екпінімен түзу жүріп, ойнақы, көңілді әуеннің ырғағына бір аяқпен келесі аяққа секіртпелі қимыл жасап, бір қырымен аяқтарды бір-біріне тигізе секіріп (боковой галоп), қимылдар жасайды.
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық_қимылдар'>Музыкалық-ырғақтық қимылдар:
«Жеңіл би» (Т. Ломова). Балаларды шеңбер бойымен жүргізіп, музыка әуеніне ілесе жеңіл қимылдар жасауға талпынту, серіппе, аяқты өкшеге қойып үйрену, қол ұстасып жеңіл секіру.
Музыкатыңдау:«Бұлбұл» (Д. Нұрпейісова).
Дина Нұрпейісованың суретін қөрсету, шығармалар туралы әңгіме өткізу.
Балаларға күйді тыңдатып, ішінен бұлбұлдың сайрағанын ести білуге ұмтылдыру, қазақтың киелі аспабын құрметтей білуге дағдыландыру.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Әнайту:«Қайырлы таң» (Е. Өміров).
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.
Әннің ішінде кездесетін «рауан», «шапақ» сөздерінің мағынасын түсіндіру. Үйренген «Наурыз тойы» әнін (Т. Мұратов) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер:«Қоян биі» (В. Питерцев).
Балалар би үйрену барысында қоянның қимылдарын көрсетеді. Қосаяқтап секіріп, орындарында тұрып айналып билейді.
Ойындар,хороводтар:«Төлдер» (Д. Ботбаев).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Ойын кезінде жануарлардың төлдерін шатастырмай атап, солардың қимыл-қозғалыстарына мән беріп ойнайды.
Музыкалықаспаптаойнау:«Латыш полькасы» (М. Раухвергер).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
- 1 ... 29 30 31 32 33 34 35 36 ... 40
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
-
Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі ұнады?
№ 57-58 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың есту қабілеттерін арттыру.
Міндеттері: Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: эмоционалды түрде ән айтады, тынысты дұрыс алады.
Түсінеді: ғарыш және ғарышкерлер туралы мағлұматты түсінеді.
Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады; музыкалық аспаптарда ойнайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақтадан ғарыш әлемі туралы және ғарышкерлер туралы суреттер дайындау, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: ғарышкер – космонавт – astronaut.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар марш екпінімен түзу жүріп, ойнақы, көңілді әуеннің ырғағына бір аяқпен келесі аяққа секіртпелі қимыл жасап, бір қырымен аяқтарды бір-біріне тигізе секіріп (боковой галоп), қимылдар жасайды.
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық_қимылдар'>Музыкалық-ырғақтық қимылдар:«Көңілді би» (И. Штраус). Балалармен би қимылдарын көңілді,
жеңіл, ойнақы билеу.
Музыкатыңдау:«Айды әперші, апатай» (Е. Өміров).
Әннің мәтінін орындап болған соң, балалармен әңгіме жүргізу.
Балаларға 12 сәуір – Ғарышкерлер күні екенін айтып, интерактивті тақтадан ғарыш әлеміне саяхат жасап, ғарышкерлермен таныстыру.
Ғарышкерлердің суреттерін көрсету.
Ғарыш аймағы орналасқан Байқоңыр қаласы туралы атап өту.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту:«Ғарышкер боламыз» (Ш. Мұхамеджанов). Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.
Жылдам екпіні мен ырғағына мән беру, секірмелі фа-си, соль-до дыбыстарын таза айтуға көңіл бөлу.
Үйренген «Қайырлы таң» әнін (Е. Өміров) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: Балаларға белгілі бір әуенді орындап, сол әуенге лайық ойдан би қимылдарын жасату. Өз беттерінше би билеуге мүмкіндік беру.
Ойын:«Қанша дыбыс» ойыны («Дидактикалық ойындар» жинағынан).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалардың есту қабілетіне арналған ойынды балаларға жеткізе білу. Ойналып отырған дыбыстың нешеу екенін анықтау.
Музыкалық аспапта ойнау:«Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т. Попатенко).
«Тамшы» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, тамшылар қай кезде таматынын, қайдан пайда болатынын түсіндіріп, музыкада сол дыбысты келтіру.
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін
түсіндіреді.
- 1 ... 30 31 32 33 34 35 36 37 ... 40