ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 539
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
№ 19-20 | | Міндеттері: Әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау, халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындауды дамыту. Балалардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. | «Елтаңбасы елімнің» (Д. Омаров) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай) «Құстар» (Т. Ломова) Билер: «Асатаяқ биі» (қыздар) («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Мен күйшімін» |
«Жомарт өлкем» № 21-22 | | Мақсаты: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Міндеттері: Қазақ халқының музыкасын қабылдау. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау. Халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету. Балаларды туған өлкесін сүюге, аялай білуге тәрбиелеу. | Музыка тыңдау: «Туған ел» (Л. Хамиди) Ән айту: «Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев) «Астана» (А. Досмағанбет) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Жаса, Қазақстан» (үнтаспада) «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңдеген Т. Ломова) Билер: «Қара бала» биі («Билеп үйренейік» жинағынан) «Асатаяқ биі» (қыздар) («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Ноталарды орналастыр» («Дидактикалық ойындар» жинағынан) Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай) |
«Біздің рәміздер» № 23-24 | | Мақсаты: Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату. Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен | Музыка тыңдау: «Қазақстан жалауы» (Д. Омаров) Ән айту: «Тәуелсіздік таңы» (А. Шырынбекова) «Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Жаса, Қазақстан» (үнтаспада) «Көңілді балалар» литва халық әуені |
| | таныстыру. Қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру. Еліміздің рәміздерін қастерлей, бағалай білуге тәрбиелеу. | (өңдеген Т. Ломова) Билер: «Қара бала» биі («Билеп үйренейік» жинағынан) Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай) |
«Егеменді елім» № 25-26 | 2 | Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Міндеттері: Әннің ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту. Ойын арқылы балаларды достыққа, бірлікке тәрбиелеу. | Музыка тыңдау: «Алатау» (Н. Тілендиев, үнтаспадан) Ән айту: «Қазақтың жері» (Б. Түзелбекова) «Тәуелсіздік таңы» (А. Шырынбекова) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Айна» орыс х.ә. (өңдеген М. Раухвергер) Билер: «Еркебұлан» биі («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Шаңырақ» ойыны Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай) |
«Қысқы орманда» № 27-28 | 2 | Мақсаты: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Міндеттері: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Музыка сипатына сәйкес қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Балаларды ойын арқылы ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу. | Музыка тыңдау: «Желтоқсан» (П. Чайковский) Ән айту: «Шырша әні» (К. Қуатбаев) «Қазақтың жері» (Б. Түзелбекова) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Айна» орыс халық әуені (өңдеген М. Раухвергер) Билер: «Еркебұлан» биі («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Айналмалы дөңгелек» («Дидактикалық ойындар» жинағы) Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай) |
«Орманда серуендейміз» № 29-30 | 2 | Мақсаты: Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулардан қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету. Міндеттері: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету. Серуен арқылы балаларды бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу. | Музыка тыңдау: «Жаңа жыл» (Қ. Шілдебаев) Ән айту: Ақша қар» (Е. Өміров) «Шырша әні» (К. Қуатбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Сағат» (Е. Андосов) Билер: «Ұлпақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский үнтаспада, «Билеп үйренейік» жинағынан) Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко) |
«Қысқы әуен сыңғырлайды» № 31-32 | 2 | Мақсаты: Музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру. Міндеттері: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Қолмен музыка бағытын (жоғары- төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату, әнмен шеңберді айналып жүру. Ойын арқылы балаларды ұйымшылдыққа баулу. | Музыка тыңдау: «Қыс» (А. Вивальди, үнтаспадан) Ән айту: «Ақша қар» (К. Қуатбаев) «Ақша қар» (Е. Өміров) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Шеңберге тұр» (Л. Бетховен) Билер: «Ұлпақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский үнтаспада, «Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Жылдам құрастыр» Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко) |
| | Қызықты қыс мезгілі | |
«Қыс қызығы» № 33-34 | 2 | Мақсаты: Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Міндеттері: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Әннің сипатын қабылдау, | Музыка тыңдау: «Вальс» (С. Майкапар) Ән айту: «Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) «Ақша қар» (К. Қуатбаев) |
| | дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. | Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Аюлар биі» (Е. Тиличеева) Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко) |
«Бұл қай кезде болады? № 35-36 | 2 | Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату. Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау. Ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыс биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру. Ойын арқылы балаларды әдептілікке тәрбиелеу. | Музыка тыңдау: «Қыс» (Б. Ерзакович) Ән айту: «Зырлайды шанамыз» ( М. Маңғытаев) «Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт) Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан) Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың х.ә. (өңдеген М. Раухвергер) Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко) |
«Қыс келді» № 37-38 | 2 | Мақсаты: Музыканы тыңдай отырып, оның көңіл күйін ажырата білуге баулу. Міндеттері: Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Дағдыларды қалыптастыру: бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау. Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру. Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық- ойын бейнелерін: байсалды, көңілді, шаттанған, мәнерлі жеткізу. Табиғатқа деген қызығушылығын тәрбиелеу. | Музыка тыңдау: «Көңілді балалар әні» (Б. Дәлденбай) Ән айту: «Қыс келді» (Б. Жұмабекова) «Зырлайды шанамыз» (М. Маңғытаев) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов) Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың х.ә. (өңдеген М. Раухвергер) |
| | | Балалардың музыкалық аспапта ойнауы: «Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко). |
«Айнала ақша қар» № 39-40 | 2 | Мақсаты: Вальс музыкасының ырғағын өзге музыкалардан ажырата білуге ұмтылдыру. Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, дыбыстарды ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау. Би элементтері арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру. | Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев) Ән айту: «Айнала ақша қар» (И. Мамақов) «Қыс келді» (Б. Жұмабекова) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва х.ә. (өңдеген Т. Ломова) Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев) Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын х.ә. (өңдеген Т. Попатенко) |
| | « Менің отбасым» | |
«Бесік жыры» № 41-42 | 2 | Мақсаты: Музыка тыңдай отырып сол музыканың мағынасын ұғынуға үйрету. Міндеттері: Лирикалық вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу, фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту. Бесік жыры арқылы балаларды имандылыққа тәрбиелеу. | Музыка тыңдау: «Бесік жыры» (Ш. Мұхамеджанов) Ән айту: «Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев) «Айнала ақша қар» (И. Мамақов) Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Қоян», «Аю» (Е. Тиличеева) Билер: «Полька» хорват х.ә. (өңдеген В. Герчик) Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев) Музыкалық аспапта ойнау: «Құлыншақ» (С. Урбах) |
«Менің туыстарым» № 43-44 | 2 | Мақсаты: Әуенге ілесе отырып, ырғақты сақтап аспапта ойнауға дағдыландыру. Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің | Музыка тыңдау: «Жан анам» (Е. Өміров) Ән айту: «Екеуміз әйбат баламыз» (И. Нүсіпбаев) |