ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 520
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
- Бүгінгі оқу қызметінің қай түрі сендерге ұнады?
№ 3-4 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Нота үйренейік»
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін, әсерлі реңктерін ажырату.
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау. Музыка сипатын анық ырғақты, ширақ жүріспен беру. Балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: шығармаларды тындайды, қарапайым күй жанрларын ажыратады; ән орындайды.
Түсінеді: ән айту дағдыларын.
Қолданады: мәнерлі қимылдарды орындайды.
Қолданылатын көрнекті құралдар: бес сызық, бес сызыққа орналасқан нота суреттері, балалар музыкалық аспаптар – бубендер мен металлофондар, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: нота – нота – note, бес сызық – пять линеек – five rulers.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтыққимылдар:«Марш» (В. Дешевов).
Балалар шеңбер бойымен
әуенге ілесіп, аяқты нық басып, тізені көтере марш екпінімен жүреді.
Музыка тыңдау:«Гүлдерайым» қазақтың халық әні (өңдеген Т. Қоңыратбай). Халық әні туралы балаларға мәлімет беру.
Өздерінің жақсы көрген адамына өз жүрек қалауын әнмен жеткізіп отырған.
Халық әндерін өздерінің жақсы көретін адамдарына ғана емес, атына, туған жеріне арнап жазғанын түсіндіру.
Әнайту:«До-ре-ми» (Ө. Байділдаев).
Музыка әлемі туралы кіріспе сөз айтып, балаларды музыкадан хабардар ету.
Нотадеген сөз музыка дыбыстарының қағаз бетіне түсірілген белгі екенін түсіндіру. Жеті нотамен таныстыру. Дыбысталуын үйретіп, ноталардың белгіленуін көрсету.
Шығарманы орындап, әннің сипаты, мәтіні туралы сұрау. Әнге қосыла, дауысқы күш түсірмей орындауға үйрету.
Таныс «Білімің – бұлағың» әнін (Т. Қоңыратбай) қайталау, әнді үйренуді жалғастыру. Билер:«Жұптасу биі» (чех халық әуені). Үйренген би қимылдарын әрі қарай жалғастыру, есте сақтау.
Ойындар, хороводтар:«Сиқырлы ағаш» («Дидактикалық ойындар» жинағынан). Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балаларға нота туралы мәлімет бере отырып, олардың орналасуына байланысты нота дыбысын табуға дағдыландыру. Әуеннің дыбыс биіктігін ажыратып, аспапта орындалған таныс әуенді нота сызықтарына орналастыруға үйрету. Музыкалықаспаптаойнау:«Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 40
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
- Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі көбірек ұнады?
№ 5-6 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Көңілді ырғақтар»
Мақсаты: Музыка сипатын ырғақты жүріспен, музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру.
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау. Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту.
Көңілді әуенге қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: қарапайым шығармалардағы эмоционалды мазмұндарды ажыратады; ән орындайды.
Түсінеді: бидің вальс,полька,халықбиісияқты жанрлары болатынын.
Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды.
Қолданылатын көрнекті құралдар: би жанрлары, бишілердің суреттері бейнеленген иллюстрация, балалар музыкалық аспаптары - бубендер мен металлофондар, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: би – танец – dance.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка залына көнілді әуенімен кіреді. Жүру, жүгіру.
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Биімді қайтала» (үнтаспада, педагогтің таңдауымен). Балалар шеңбер бойымен тұрады, үнтаспада «Буги-буги», «Егер саған ұнаса» т.б.
би әуендері ойналып, ортаға шыққан бастаушы-«бишінің» қимылдарын дәл
қайталау. Музыка тыңдау:«Вальс» Қ. Шілдебаев, «Полька» М. Красев, «Қамажай» халық әуені (өңдеген Н. Меңдіғалиев).
Балаларға би туралы мәліметтер беріп, бидің түрлерінен үзінділер тыңдату.
Билер ұлттық билер, көңілді полька биі, шыр айнала билейтін вальс болып бөлінеді.
Вальс биінде жұптасып, қалықтап айналып билейді, полькада аяқты тізеден көтере жеңіл секіреді, ал «Қамажай» – қазақ халқының ұлттық биі екендігін түсіндіру.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту:«Мен өнерлі баламын» (М. Омаров)
Ән орындау кезінде айғайламай, бір-бірін тыңдап, үндесе айтуды қадағалау.
Таныс «До-ре-ми» әнін (Ө. Байділдаев) қайталау, сөздерін анық, таза орындауға үйрету.
Билер:«Жұптасу биі» (чех халық әуені).
Би қимылдарын еске түсіру, еркін, өз беттерімен орындауға баулу. Ойындар, хороводтар:«Ән салған кім? (А. Райымқұлова) Педагог ойын шартын түсіндіреді.
Балалардың ойынға белсене қатысуларын қадағалау.
Музыкалық аспапта ойнау:«Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай). Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
- 1 ... 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 40
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды.
-
Бүгінгі күніміз өте көңілді болды. -
Бәрің өнерлі екенсіңдер, жарайсыңдар!
№ 7-8 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Біздің аспаптар»
Мақсаты: Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату.
Міндеттері: Ұлттық домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру.
Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Балалардың музыка аспабына деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: әннің дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады.
Түсінеді: регистр деген не екенін.
Қолданады: ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды.
Қолданылатын көрнекті құралдар: Құрманғазының суреті, балалар музыкалық аспаптары: бубендер мен металлофондар, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: аспаптар – инструменты – instruments.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі.
-
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық_қимылдар'>Музыкалық-ырғақтық қимылдар:«Марш» (В. Дешевов). Әуенді тыңдап, ырғақты сезіне жеңіл жүруге дағдыландыру.
Марш екпінімен тізені көтере адымдай басу, бірге қимылдауды